Жаңалықтар

«Аяжан» ұшырған «Ақ көгершін»



Астана қаласындағы №18 «Аяжан» балабақшасында «Қош бол, сүйікті балабақшам!» атты мерекелік шара өтті. Ол «Ақ көгершін» тобы бүл­діршіндерінің балабақшамен қоштасуына арналды.

Күлкісімен әлемді тербетіп, қылығымен үлкендерді сүйсіндірген пәк көңілді балдырған көздерінде қуаныш нұры жарқырап, бірі тақпақ оқып, бірі ән салып, бірі би билеп, өз өнерлері мен білімдерін паш етті. Одан әрі бүлдіршіндер «болашақта кім боласың?» деген сұраққа көздері мөлдіреп, асқақ армандарын айтып, жарыса жауап берді. Оларға бөбектер тобының балдырғандары өздерінің дайындаған концерттік бағдарламаларын тарту етіп, мектепте үздік оқып, тек бестік баға алуларына, ұстаздар мен мектептің абырой-беделін асқақтата берулеріне тілектерін білдіріп, ән-жырларын шашу етті.
Балабақша меңгерушісі А.Жанахметова бүгін мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қоштасқалы отырған бүлдіршіндердің арасында болашағынан үлкен үміт күттіретін өте талантты, дарынды балалардың көп екенін айтып, келешекте олар мектептен де сапалы білім, саналы тәрбие алып, халықтың қалаулы азаматтары болатынына сенім білдірді.
Балабақшамен қоштасу кеші өз мәресіне жеткен соң балалар «Аружан» ойын-сауық орталығына барып, көңіл көтеріп, аттракциондарда ойнап, Қуыршақ театрының қойылымын тамашалады.

Әйгерім БЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ
1-курс студенті




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button