#Жолдау-2022

Бағыт-бағдар айқын



[smartslider3 slider=3872]

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палатарының бірлескен отырысында жариялаған саяси маңызға ие Жолдауда қордаланған бірқатар мәселелерді, еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру үшін атқарылуға тиісті жұмыстарды жеке дара атап өтті.

Отанымыздың өсіп-өркендеуі, даму жолында әрбір қазақстандық табысты еңбек ететініне сенеміз. «Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік» деген Президентіміздің ұстанған ұстанымы, бағыт-бағдары айқын. Біз Әділетті Қазақстан құруға атсалысуға тиіспіз!

Елдің ертеңі балалар екені бәріне мәлім. Бұл ретте Мемлекет басшысы Ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың жеке есепшотына аударылатынын атап өтті. Бұл бағдарлама 2024 жылы іске қосылады. Кәмелетке толған адам жекешотындағы ақшаны баспана немесе білімге жұмсай алады. Бұдан бөлек әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жасқа дейін төмендемек.

Еліміздегі ең өзекті мәселенің бірі төменгі жалақы жағдайы екені баршаға белгілі. Президент аталмыш мәселені де назардан тыс қалдырмады. Бұдан былай ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге өседі. Сондай-ақ бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылады. Бұл алтын құрсақ аналар үшін қуанарлық жайт деп ойлаймын.

Бұдан былай, шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру 200-250 мың теңге көлемінде болмақ. Мұның барлығы ел игілі үшін жасалынады. Жаңа Қазақстанның даңғыл жолы дара болсын!

Ерлан ДӘКЕНОВ,

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты,

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық

Филармонияның бас директоры




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button