Астана ауданы
«Байқоңырда» белдеседі
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Байқоңыр ауданы әкімдігінің аппараты қазақ күресінен «Байқоңыр барысы-2021» турнирін өткізеді.
[smartslider3 slider=1196]
Спорттық шара 11 желтоқсанда «Өндіріс» тұрғын алабындағы жаңадан ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтеді.
Аталмыш турнир бұқаралық спортты дамытуға, ауданның жас спортшылары арасында қазақ күресін насихаттауға бағытталған. Турнир чемпиондары ақшалай сыйлықпен марапатталады.