Мәдениет

Балаларға – ­базарлық

Мамыр айы елордалық балалар үшін қызыққа толы думанмен басталды. Бас қалаға алғаш гастрольдік сапармен келген Шымкент циркі астаналықтарға түрлі жанрдағы шоу-бағдарламасын ұсынды.

Оңтүстік циркі әртістерінің өнері елімізге жақсы танымал. Сондықтан да олар елордаға жұртшылықтың көңілінен шыққан қойылымдарды алып келген. Шоу-­бағдарлама барысында акробаттар Айзада Әбдібек пен Арина Стациенко әуеде неше түрлі қимылдар жасап, көрермендерді таң-тамаша етті. Ал сахнаға күлдіргі әр­тіс­тер шыға келгенде, жеткіншектер бір ду ете қалды. Олар қуақы қимылдарымен балалардың езуін жиғызбады. Әбдімүтәл Серікбаевтың маймылдары манежге шығып әсем биледі. «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты Айша Сайрамбай үйретілген иттерімен балаларға қызықты қойылым көрсетті. Қысқасы, шырайлы шаһардан келген Шымкент циркінің бағдарламасы 26 мамырға дейін созылады. Ендеше ғажайып өнер думанынан қалып қоймаңыз!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button