ЖаңалықтарСұхбат

Бақытжан Малыбаев: Полицияның бастапқы міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу



c-1

Елордалық тәртіп сақшыларының қатарын 200 штаттық учаскелік инспектор мен офицерлік құрамнан 150 адам толықтырады. Бұл туралы бүгін Астана қ. Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев қала тұрғындарымен алғашқы есептік кездесуде мәлім етті. Шараға Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин, елордалық ІІД, қалалық мәслихаттың, қоғамдық кеңес активтерінің өкілдері, ПИК басшылары және елорда тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында Бақытжан Малыбаев Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі жұмысының қорытындысын шығарды, сондай-ақ, қала өміріне қатысты бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды.

«Бүгінгі күні Жергілікті полиция қызметінің штаттық саны 1,5 мыңнан аса қызметкерді құрайды. Қызмет құрамында полицияның учаскелік инспекторлары, жол-патрульдік, ювеналды полиция және әйелдердің құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция қызметтері бар», – деп түсіндірді Малыбаев.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде көзге түскен және белсенділік танытқан полицияның қоғамдық көмекшілерін ынталандыру үшін әкімнің қолдауымен жыл сайын 13 млн теңге қаржы бөлінеді, деді Бақытжан Малыбаев.

Кездесудің қорытындысы бойынша, елорда тұрғындары Малыбаевқа тұрмыстық зорлық-зомбылық, мектеп инспекторларының жұмысы, тұрғын үйлердің аулаларында көлік қою ережелерін бұзу, жол белгілерін орнатуға учаскелік инспекторлардың рейд шараларын күшейтуі, полиция қызметкерлерін ынталандыру сияқты түрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Азаматтардың барлық өтініштері Астана ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының ерекше бақылауына алынды, ол жедел түрде сәйкес шаралар қабылдауға уәде берді.

astana.gov.kz.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button