Сұхбат

Өмірді сақтандырудың оңтайлы жолы

«Халық-Қазына» – қазақстандықтарға өмірді сақтандырудың оңтайлы және тиімді жолдарын ұсынып жүрген «Халық-Life» АҚ-ның кезекті бағдарламасы. Бұл өз қаражатын валютамен тиімді салу мақсатында депозиттерге балама іздейтіндерге арналған. Осы өнімнің артықшылықтары мен жалпы ел тұрғындарының  өмірді сақтандыру бойынша қаржылық мәдениетінің деңгейі туралы толығырақ білуге «Халық-Life» АҚ Астана қалалық филиалының директоры Жұлдыз Сұңғатқызы Божеевамен сұхбаттастық.

       – Жұлдыз ханым, өмірді сақтандыру әдеттегі депозит пен инвестицияға қалай балама бола алады?

-«Халық-Қазына» өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламасы – валюта бойынша депозиттерге ең үздік балама болады. Бағдарлама арқылы қазіргі таңда доллармен салынатын депозитке қарағанда табыстылық төрт есе жоғары. Егер нарықта осындай салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлеме 1%-дан аспаса, бұл бағдарламамен жылдық мөлшерлеме 4,2%-ға жетеді. Оның үстіне бұл мөлшерлеме сақтандырудың 20 жылға дейін созылатын барлық мерзімінде сақталады. Банктердегі ешқандай депозит мұндай ұзақ мерзімде табыс түсіп тұруына кепілдік бермейді. Осындай артықшылыққа қол жеткізе отырып азаматтарымыз тек валюталық тәуекелді төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар аяқ асты болатын өмірдегі түрлі жағдайларда өзін сақтандыру мүмкіндігіне ие болады. Бұл өнім валюталық нарықтағы жағдайды ескерсек, қазіргі таңда өте өзекті. Сыйақысы бар жинақталған сома сақтандырылған адамға келісімшарт мерзімі аяқталған кезде төленеді. Яғни, төлем клиентке сақтандыратын жағдайға тап болмаса да беріледі.

– Аталған бағдарлама шеңберінде қандай қосымша мүмкіндіктер мен бонустар ұсынылады?

– «Халық-Қазына» өнімі бойынша жинақ сот дауы процесі кезінде тәркіленбейді, неке бұзылған сәтте жұбайлар арасында бөліске түспейді. Сонымен қатар сақтандыру төлемдеріна қосымша құн салығы салынбайды.

– Басқа қаржы құралдарымен салыстырғанда өмірді сақтандыру қандай негізгі артықшылықтарға ие?

– «Бәйтерек»  өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламасына сәйкес клиент кез келген себеппен өмірден өткен жағдайда берілетін төлемнен басқа мынадай қосыша тәуекелдер бойынша төлем алады: қайғылы оқиға нәтижесінде І немесе ІІ топтағы мүгедек болғанда, еңбекке уақытша жарамсыз болғанда, дене жарақатын алу немесе бірінші рет қауіпті ауруды анықтағанда.

– Көп адамдардың көкейінде мына сұрақ бар: өміріңді сақтандыру не үшін керек?

– Көпшілік өмірді сақтандыру полисін алудың не қажеті бар екенін әлі күнге түсінбейді. Осы өнім көмегімен қазақстандықтар немесе олардың туыстары қайтыс болған немесе мүгедектік алған жағдайда сақтандыру компаниясынан төлемдер ала алады. Осылайша олар отбасының қаржылық бюджетіне түсетін жүктемені азайта алады.

– Өмірді сақтандырудың қандай түрлері бар және нақты қаржылық мақсаттар үшін солардың ішінде анағұрлым қолайлы нұсқасын қалай таңдауға болады?

– Өмірді сақтандырудың классикалық түрінде сақтандыру полистері жинақтаушы және жинақтаушы емес деп екіге бөлінеді. Өмірді сақтандырудың жинақтаушы емес полисі сақтандыратын жағдай туындағанда сақтандыру компаниясынан ақшалай төлем алуды қарастырады. Егер сақтандыру қажет ететін жағдай туындамаса, онда ешқандай төлем жасалмайды және сақтандыру салымы компанияның өзінде қалады. Өмірді сақтандырудың жинақтаушы полисі сақтандыру қажет ететін жағдайда төлем жасауды қарастырудан бөлек клиенттерге аз болса өзінің салымдарын қайтаруға кепілдік береді. Мұндай полистер сақтандырылатын барлық мерзімде табыстылыққа кепілдік беруді қарастырады.

Сақтандырылатын мерзім ішінде және сақтандыру сомасын есептеуде қандай факторларды есепке алған жөн?

-Мәселен, клиент бүгін ай сайын 10 мың теңге салым сала отырып 15 жылға сақтандыру полисін сатып алады, бұл ретте келесі күннен бастап-ақ сақтандыру өтелімі 2 млн теңгені құрайды. Яғни, сақтандыруды қажет ететін жағдай туындағанда төлем клиент қанша салым салғанына қарамастан 2 млн теңге болады. Екіншіден, жинақтаушы сақтандыру бойынша салымдар негізінен бөліп-бөліп салынатындықтан, капитал инфляциясы бүкіл сомаға бірден емес, біртіндеп жүріп, оның әсерін азайтады. Үшіншіден, инвестициялық қызметтен сақтандыру кірісіне қатысу және кепілдендірілген табыс сияқты инфляцияны басқару құралдары бар. Ал кейбір сақтандыру полистері сақтандыру салымдары индексациясы мен шетелдік валюта бағамына қарай төленетін сома мүмкіндіктерін қарастырады.

 – Сақтандыру нарығы 2022 жылдан бері қаншалықты өзгерді? Егер қателеспесем, өмірді сақтандыру Қазақстанда әлі де қалыптасу үстінде.

-Нарықты дамыту қарқыны төмендеді. Бұл өткен жылы нарықта зейнетақы аннуитеті бойынша жинақталған сыйақы көлемі 37,7% төмендеуімен байланысты. Заңдағы өзгерістер байланысты салымшыларға жылжымайтын мүлік сатып алуға шұғыл түрде алу үшін ӨМК, яғни өмірді сақтандыру компаниясынан БЖЗҚ-ға жинақтың бір бөлігін аударуға құқық берілді. «Өмірді сақтандыру» санаты бойынша сыйақы өсімі нарықта мардымсыз болды – ол не бары 5,7%.  Нарықта сыйақының жалпы көлемінің төмендеуіне байланысты біздің компанияның жинақталған сақтандыру сыйақысы керісінше артты. Осы көрсеткіш бойынша біздің нарықтағы үлесіміз 33,2% болды. ҚР ҚНРДА, яғни ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметтері бойынша 2022 жылдың қорытындысына сай тартылған сақтандыру сыйақы көлемі жағынан біз көш бастап тұрмыз. «Өмірді сақтандыру» санаты бойынша да біз алдыңғы шептеміз. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша біздің нарықтағы үлесіміз осы сегмент жөнінен 39,2%-ға жетті. Статистикаға сүйенсек, елдегі экономикалық белсенді 9 млн халықтың тек 3 пайызында ғана ерікті сақтандыру полисі бар.

Қалай ойлайсыз, Қазақстанда сақтандыру мәдениеті деңгейін арттыру үшін қандай шаралар қабылдау керек? Осы жағынан келісімшарттар жасауға халықты қалай ынталандыруға болады?

– 2022 жылы сақтандыру саласында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша ауқымды акция өткіздік. Қазақстандағы әр облыс орталығында, 18 қалада өңірлік БАҚ-тағы 230-дан астам журналистер, блогерлер, кәсіподақтар және ірі клиенттермен іскерлік кездесу өткізуге қол жеткіздік. Бұл кездесулерде біз өмірді сақтандыру нарығындағы үрдістер мен мәселелерді талқыладық. Осы нарықта сақтандыруды насихаттауға журналистерді ынталаныру үшін және қазақстандықтар арасында сақтандыру қызметтерін кеңінен тарату үшін екі жыл қатарынан іске қосып жатқан жобалардың бірі – БАҚ қызметкерлері арасында өткізіліп жүрген республикалық байқау.

– Өмірді сақтандыру мәселесін енді зерттеп жүрген және дұрыс таңдау жасағысы келетіндерге қандай кеңестер мен ұсынымдар берер едіңіз?

– Өмірді сақтандыру салым салған алғашқы күннен бастап-ақ сізді қиындыққа душар болғанда қорғауды қамтамасыз етеді, себебі сақтандырылған адам көз жұмған жағдайда оның туыстары төлемін ала алады. Өз кезегінде қиындыққа тап болған жағдайда пайдалануға болатын жинақтар немесе инвестициялар белгілі бір көлемге жетуі үшін уақыт керек.  Егер қазіргі таңда сіздің негізгі мақсатыңыз болашақ жоспарыңызды іске асыру үшін қаржы жинау болса, онда жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы – ақшаңызды барынша сенімді жерде сақтандыру және жинақтаудың тамаша мүмкіндігі.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button