Мәдениет

Астанада кітап фестивалі өтеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының  ұйымдастыруымен 15 қыркүйек күні сағат 12.00 – 22.00 аралығында «KitapTime – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді.

Фестивальдің мақсаты – кітап оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру, мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу.

Фестиваль аясында күндізгі уақытта  түрлі баспалардың қатысуымен көрме-жәрмеңке,  «Art-vision» қолөнер шеберлері мен суретшілердің павильоны, bookcrossing, photo zone, балалар шығармашылығына арналған алаңда ертегілер қойылымы, шеберлік сағаттары, интерактивті, ұлттық ойындар, балалар әдебиетінің кейіпкерлер шеруі, флешмоб өтеді.

Кешкілік фестивальға жиналғандар  «Reader» – жұлдыздардың қатысуымен кітапханаға жазылу акциясына,  «Кітапханалық түн» мәдени шарасына қатысады. «Кітапханалық түн» бағдарламасында бизнес-коучинг, «Musikal party» классикалық музыка кеші, «Quiz» интеллектуалдық алаңы, поэзия кеші,  Астананың түнгі аспанын телескоппен тамашалау, түнгі караоке, АНТИКАФЕ «Book & Сoffee» сынды түрлі  қызықты мәдени, рухани  шаралар ұйымдастырылады.

Фестивальға қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, елімізге танымал өнер жұлдыздары, жас қаламгерлер, блогерлер, БАҚ-өкілдері, ұстаздар, балалар, кітапханашылар және оқырмандар мен Елорда қонақтары қатысады деп күтілуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button