Мәдениет

Неміс мәдениетінің фестивалі

Елордада Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Wir sind zusammen – біз біргеміз» атауымен неміс мәдениетінің республикалық фестивалі өтті. Екі күнге жалғасқан іс-шара Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония залында өткен гала-концертпен жабылды.

Фестивальдің ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Парламент Сенатының депутаты Евгений Болгерт, Германияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы ­Дәурен Бабамұратов қатысты.

Фестивальді «Неміс ре­нессансы» қоғамы ұйымдас­тырды. Оның барысында шеберлік сабақтары мен көрмелер, қызықты квестер, флешмобтар, көңілді конкурстар, жәрмеңкелер, басқа да шаралар ұйым­дастырылды. Қонақтар қолданбалы өнермен, неміс асханасымен, неміс үйінің интерьерімен танысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button