Sport

БӘРЕКЕЛДІ, БИБІСАРА!



Қазақстандық шахматшы, халықаралық дәрежедегі шебер Бибісара Асаубаева шахматтан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Дода 23-25 тамыз аралығында Tornelo ойын алаңында онлайн форматта өтті.

Құрлық чемпионатына Азияның 15 елінен 74 ойыншы қатысты, оның ішінде 9 әйел – халық­аралық гроссмейстер және 8-і – халық­аралық шебер. Осылайша 17 жастағы Бибісара 25 қазан мен 8 қараша аралығында Латвияда өтетін FIDE Women’s Grand Swiss 2021 әлемдік аламанға қатысуға мүмкіндік алды. Бұл турнир – 2021-2023 жылдардағы әлем чемпионатына іріктеу бөлігі. Турнир швейцариялық жүйе бо­йынша 11 раундтан тұрады. Оған әлемнің 50 көрнекті шахматшысы жиналады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button