Жаңалықтар

ЕЛ ҚОРЖЫНЫНДА – ЕКІ МЕДАЛЬ

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан командасы алғашқы жүлделерін иеленді.

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев 174 келіні көтеріп, Паралимпиада чемпионы атанды. Күмісті франциялық А.Борлоун (165 кг), қоланы грекиялық Д.Бакорхристос (165 кг) иеленді.

Сонымен қатар атыраулық дзюдошы Әнуар Сариев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша күміс медаль игері атанды. Отандасымыздың финалдағы қарсыласы әзербайжандық Вугар Ширинли болды. Ал жарыстың жартылай финалында венесуэлалық спортшы Маркос Бланконы жеңді.

Айта кетсек, Қазақстан тарапынан 26 параспортшы 7 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын қорғайды. Паралимпиада ойындары 2021 жылдың 24 тамызынан 5 қыркүйекке дейін Токиода өтеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button