Ел тынысы

Екі күндік оқыту тренингі өткізілді

№10 қалалық емханада елордалық дәрігерлер үшін 11 жастағы қыз­дарға адам папилломавирусына қарсы вак­цинаны салу маңызы туралы арнайы екі күндік оқыту тренингі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ­

Іс-шара қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Адам папилломавирусы (АПВ) – әртүрлі мүшелердің тері мен шырышты қабаттарына әсер ететін кең таралған вирустар тобы. Оның 14 түрі онкогенді – онкологияның дамуына әкеледі. Тіпті жатыр мойны обырының дамуын әйелдің адам папилломавирусын жұқтыруымен байланыстырады. ДДҰ мәліметтері бойынша 4 елде АПВ вакцинасын енгізгеннен кейін аурудың таралуы айтарлықтай төмеңдеді.

Қазақстанда ағымдағы жылдың күз мезгілінен бастап 11 жастағы қыздарды вакцинациялау жоспарлануда. Бұл жас онкологтардың ұсынысына сәйкес таңдалды: 11-14 жас аралығында иммундау тұрақты иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.

Айта кетсек, әлемде бұл вакцинаға сұраныс өте жоғары. Бүгінгі таңда АПВ вакцинасы 15 жылдан астам бойы әлемнің 135 елінде қолданылып келеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button