Басты ақпаратҚала мен Сала

Бас жоспар қалай өзгереді?

Қала құрылысының басты құжаты – Бас жоспар. Ол адамның алаңсыз әрі жайлы, бақуатты өмір сүруін қамтамасыз ететін экологиялық талаптарды ескеріп, аумақтың ресурстық мүмкіндігіне сәйкестендірілген жайлы тіршілікке қажетті сұраныстарын өтейді.

Ағымдағы жылы Астанада қала құрылысының жобалары әзірленіп, елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және құрылыс жобаларын келісу және бекіту ережелері жетілдірілген болатын. Қазақстан Республикасы Индус­трия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №505 бұйрығына сәйкес, ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 21342 болып тіркелді.

Әдетте Бас жоспарды жасау кезінде қалаларды немесе басқа елді мекендерді дамытуды және салуды кешенді жоспарлау қарастырылады. Бас жоспарда аймақтарға бөлу, жоспарлау құрылымы, аумақтардың функционалдық ұйымдастырылуы, көлік және инженерлік инфрақұрылымдар жүйесі, көгалдандыру және абаттандыру орындары белгіленеді. Бұдан әрі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері аумақтардың жекелеген бөліктері мен функционалдық аймақтар үшін әзірленетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары келісіледі.

Бұған дейін қабылданған Бас жоспар бойынша жер учаскесінде «көппәтерлі тұрғын үй» жобасы қарастырылған, бірақ бұрын бекітілген 10-28 қабатқа үй салу өзектілігін жоғалтқан. Өйткені участок ұзақ уақыт игерілмей жатқанда аудандағы өзге құрылыстар аяқталып белгілі бір  сәулеттік келбеті қалыптасып қойған. Демек егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы қайта қаралуы қажет. Ал 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын қайта бекіту бойынша барлық рәсімдерден өтуге көмектесетін іс-шараларды өткізу регламенті жетілдіріліп, толықтырылды. Мәселен, Астана қаласында тамыз айы­нан бастап тұрақты негізде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын қайта қарау немесе жаңаларын қарауға енгізу бойынша қоғамдық талқылаулар өтуде. Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық субъектілердің қолдануы үшін міндетті болып табылады және жобаларды кешенді сараптамадан өткізбес бұрын мүдделі жұртшылық, яғни тұрғындар қарауы тиіс.

Ережеде өткізу регламенті және құжаттаманы ұсынуға қойылатын талаптар бар, сондай-ақ қоғамдық талқылауларға қатысқан жұртшылық Хаттамаға қосымша ақпарат немесе жер учаскелерінің меншік иелері мен жобалардың инвесторлары тарапынан анықтамалар беру және қосу туралы сөз сөйлеуге және мәселелерді көтеруге құқылы. Аталмыш Ережеге өтінім, өтінімге жауап, оны жүргізуге және толтыруға қойылатын талаптары бар қоғамдық талқылау хаттамасы сияқты міндетті құжаттармен толықтырылды.

Қалалық аумақтардың ЕЖЖ жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерімен, басқа ұйымдармен қоғамдық талқылаудан кейін Заңның 25-бабына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасына жолдамамен келісіледі.

Қоғамдық талқылаулар жөніндегі ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастыру үшін жер учаскелері иелерінен басқармаға бекітілген нысанға сәйкес жіберілген өтініштер бойынша «қоғамдық талқылау­лар» туралы жаңалық жарияланады. Кейде қала тұрғындары өз идеяларын, тілектерін өздері тұратын аумақтар бойынша қарастыр­ғысы келеді және мұнда бастамашы болуға құқығы бар адамның заңды қыр-сырын түсіну маңызды

Аумақты салу, кеңейту, функционалдық мақсатын өзгерту, тұрғын және тұрғын емес аумақтар санының өзгеруі туралы шешімдер қабылдау, жобалардың, абаттандырудың толық өзгеруі қоғамдық талқылау арқылы қаралады. Сонымен қатар барлық аумақтар қызыл сызықтар немесе жер учаскелерінің шекарасында  қаралуы тиіс. Сондай-ақ жобаларда халықтың мобильділігі төмен топтарын объектілерге кедергісіз қол жеткізу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа объектілерді салу кезінде қайта жанданатын энергия көздері және энергия үнемдейтін технологияларды қолдану мәселелері қаралуы мүмкін.

Талқылау барысында жұртшылық жобаның құрамымен, демонстрациялық материалдармен, сараптама нәтижелерімен, аумақты абаттандыру эскиздерімен, қала құрылысында ғимараттарды бөлу жоспарымен, магистральдар мен жағалаулар бойынша ұсыныстармен, құрылыс сызбаларының фрагменттерімен, қасбеттердің түсті шешімдерімен және т.б. танысуға құқығы бар. Олардың тарапынан қабылданған тұжырымдық шешімдер қаланың Бас жоспарына қайшы келмесе, сәулеттік көріністі бұзбаса талқылаудан кейін мұқият сараланып, қосымша келісімнен өтеді.

Қоғамдық талқылаулар жөніндегі ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастыру үшін жер учаскелері иелерінен басқармаға бекітілген нысанға сәйкес жіберілген өтініштер бойынша «қоғамдық талқылаулар» туралы жаңалық жарияланады. Кейде қала тұрғындары өз идеяларын, тілектерін өздері тұратын аумақтар бойынша қарастыр­ғысы келеді және мұнда бас­тамашы болуға құқығы бар адамның заңды қыр-сырын түсіну маңызды.

Ережеге сәйкес қоғамдық талқылаулар екі жағдайда ашық жиналыс арқылы өткізіледі:

1) ЕЖЖ және/немесе құрылыс салу жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдауда;

2) ЕЖЖ-ға және құрылыс салу жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдауда.

Қоғамдық талқылаулар жүргізу үшін жер иесі Ережеге сәйкес жергілікті атқару органдарына жаңа құрылыс салу үшін ЕЖЖ және/немесе құрылыс салу жобасын немесе қолданыстағы ЖЖЕ және/немесе құрылыс салу жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты қоса бере отырып, қоғамдық талқылаулар жүргізуге хат жолдайды.

Басқарма күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушіге Қағидаларға сәйкес нысан бойынша жауап жібереді және ақпаратты өзінің интернет-ресурстарына орналастырады. Қоғамдық талқылауларды өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді жерлерде еркін мәтінде жазылған, жобаның атауы, қоғамдық талқылауларды өткізу күні, орны мен  уақыты, ескертулер мен ұсыныс­тарды жіберу үшін пошталық және электрондық мекенжайлары көрсетілген хабарландыруды таратуды ұйымдастырады. Ашық жиналыстар арқылы қоғамдық талқылауларды бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық талқылауларды өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен ерте өткізілмейді.

Кез келген заңды және жеке тұлғаларға қатысуға рұқсат етіледі. Өткізілген күні талқылауларды хатшы тіркейді, аудио және бейне тіркеу кезінде жобаға қатысушылар, жұртшылық, мемлекеттік органдар ұсынылған материалдармен танысады, сұрақтар қояды және өз ескертулері мен ұсыныстарын енгізеді. Хаттаманы жүргізу кезінде талқылау барысында келіп түскен мәселелер, ескертулер, ұсыныстар енгізілетін салыстырмалы кесте көзделген, жоба бастамашылары әрбір сұрау салуды жабуға тиіс және бұл хаттамада да атап өтіледі.

Қоғамдық талқылау барысында жобаға қатысы жоқ мәселелер келіп түсетін кездер болады. Бұл мәселелер қоғамдық талқылауларды өткізу қағидаларына сәйкес назарға алынбайды.

Қоғамдық талқылауларды жүргізу нәтижелері бойынша хаттама ресімделеді, оған төраға мен хатшы қол қояды және «Қоғамдық талқылаулар» айдарындағы ресми интернет-ресурста орналастырылады.

Қоғамдық талқылаулар тіркеу және оларға кемінде он жеке және заңды тұлға қатысқан кезде өткізілді.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button