Қоғам

Белгітас – ерлік естелігі

Астана қаласының Жанайдар Жирентаев көше­сіндегі бірінші үйдің қабырғасына қызмет атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан жауынгер-интерна­ционалист, полиция қызметкеріне арналған естелік-тақта орнатылды.

Жанайдар Жирентаев әскери міндетін Ауғанстанда атқарып, аман-есен елге оралған соң, Астана қаласының Алматы аудандық ішкі істер бөлімінде қылмыстық іздестіру қызметкері болып еңбек жолын бастаған еді. Сержант сапынан лейтенант лауазымы болып жұмыс істеп жүргенде жедел дабылды шақыру бойынша шұғыл тапсырмаға шығады. Алайда қарақшылардың қолынан жапа шеккен адамдарды құтқару кезінде өзі оққа ұшты.
Бүгінде Астанадағы бір көше Жанайдар Жирентаев атымен аталады. Кеше осы көшедегі соғыс ардагері, батыл полиция тұрған үйдің қабырғасына естелік-тақта орнатылды. Шараға Астана қаласы ІІД басшылары, полиция қызметкерлері және Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» ұйымының мүшелері қатысып, Ж.Жирентаевтың өмірі, ерлігі жайлы әңгімелеп, гүл шоқтарын қойды.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button