Sport

Бесеуі де бет қаратпады



 «Astana Arlans» бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымы басталғалы қатарынан екінші жеңісіне жетті. Қазақстандық клуб Щучье қаласында Ресейден келген «Patriot Boxing Team» командасын 5:0 есебімен бет қаратпай ұтты.

Алдымен 56 кг салмақта шаршы алаңға көтерілген Ильяс Сүлейменов Василий Веткинді жеңіп, командасын алға шығарды.
Одан соң Ділмұрат Мәжитов (64 кг) Константин Богомазовтан басым түсіп, есепті еселеді.
Ал үшінші жекпе-жекте 91 кг дәрежесіндегі боксшылар қолғап түйістірді. Мұнда Нұрлан Алтаев Ровшан Ягубзадені ұтып, арландар уақытынан бұрын жеңімпаз атанды.
Бұдан кейін еңсесі түскен қонақтарды одан сайын есеңгіретіп тастады. Әбілхан Аманқұл (75 кг) Расул Алиевтен мықты болса, Теміртас Жүсіпов (49 кг) Борис Сидоровты екі рет нокдаунға түсіріп, қапы қалдырды. Қорытынды есеп – 5:0.
Арландар бұған дейін «Indian Tigers» командасын 4:1 есебімен жеңген еді. Енді 9 наурыз күні қонақта ресейлік клубпен қарымта кездесу өткізеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button