Ел тынысы

Блиц-сауалнама: елордалықтар ҰОС тарихы туралы біле ме?

Елордада Жеңіс Күні қарсаңында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы Ұлы Отан соғысының тарихын білуге арналған блиц-сауалнама ұйымдастырды, , деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Астана жастары» еріктілері осы мереке күндері елорда тұрғындары мен қонақтары арасында Есіл өзенінің жағасындағы жаяу жүргіншілер көшесінде, саябақтарда, қоғамдық орындарда сауалнама жүргізеді. Дұрыс жауап бергендерге «Жеңіс лентасы» беріледі.

Азаматтардың көпшілігі қойылған сауалдарға дұрыс жауап берді. Мысалы, «Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?» деген сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі 1941 жылы басталды деп жауап берді.

Сауалнаманың барлық қатысушылары Кеңес Одағының әйгілі нәзік жанды батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы дұрыс атады.

Сондай-ақ, отандастарымыздың қайсысы Берлиндегі Рейхстаг қабырғасында Жеңіс туын орнатты деген сұраққа көбісі дұрыс жауап бере алды, яғни ол – Рақымжан Қошқарбаев.

Сондай-ақ, көбісі «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен!» сөздері аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлына тиесілі екенін де біледі.

«Мұндай блиц-сауалнамалар тарихи фактілерді білуге, сондай-ақ батырлардың есімдері мен олардың бейбітшілік жолындағы ерліктерін қаншалықты есімізде сақтайтынымызды байқауға көмектеседі», – дейді «Астана жастары» еріктісі.

Естеріңізге сала кетейік, «Жеңіс лентасы» акциясы 6 мамырда басталып, 9 мамырға дейін жалғасады.

Барлығы 40 мыңнан астам лента тарату жоспарланып отыр. Барлық тұрғындар сұрақтарға ерекше ықыласпен жауап береді және ҰОС даталары мен батырлары туралы хабардар болады.

Еріктілердің айтуынша, осылайша олар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне алғыс білдіреді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button