Ел тынысы

Мерекеге орай жылжымалы концерт ұйымдастырылды

Жеңіс күніне орай ардагерлерге арналған жылжымалы концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астанада Ұлы Жеңістің 79 жылдығы атап өтіліп жатыр. Іс-шара аясында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі оркестрі мен «Астана жастары» КММ жастары Red bus экскурсиялық екі қабатты автобуспен Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұратын мекенжайларға барды.

Ардагерлердің үйінің алдында оркестр салтанатты музыкалық құттықтаумен әскери-патриоттық әндерді орындады.

«Бүгін біз ардагерлерімізді ерекше форматта құттықтау туралы шешім қабылдадық. Олар тұратын аулаларда оркестрдің қойылымы ұйымдастырылып, соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Бұл акцияны жастарымыз қолдады. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты тарих пен мәдениетке баулиды», – деді Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Атымтай Бағдат.

Іс-шара барысында барлығына таныс және жүректен орын алған «День Победы», «Смуглянка», «Нам нужна одна победа», «Катюша» және т.б. композициялар орындалды.

Іс-шара ҰОС ардагерлері тұратын үйлердің тұрғындарын да қызықтырды. Көршілердің бірі аулаға шығып, құттықтауларға қосылды, ал енді бірі терезеден смартфондарына түсіріп жатты.

«Бір кездері бізді қорғаған жандарды құттықтау өте жақсы іс. Біз олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Біз жастармыз, мұндай іс-шараларға қатысу – біз үшін үлкен мақтаныш», – деді Астана жастары волонтері.

Естеріңізге сала кетейік, Астана әкімдігінің шешімі бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне төленетін сома екі есеге ұлғайды.Осылайша, ҰОС ардагерлеріне 2 миллион теңге берілді. Бүгінгі таңда елордада ҰОС-тың жеті ардагері тұрады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button