Басты ақпаратЖаңалықтар

«БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ» – ФРАНЦИЯДА

Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» деп аталса, француздықтар «Болашақ энергиясы Францияда» деп отыр. Ал «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмедегі Франция павильонының ішкі мазмұнын бас комиссар Паскаль Лоро толығырақ айтып берді.

frantsiya-pavil-on

– Франция бұл көрмеге қатысуды өзіне мәртебе санайды. Жиырма бес жылдың ішінде Франция Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, сенімді серіктеске айналды. Біз Қазақстанның кез келген бастамасына қолдау білдіріп келеміз, сол себепті ЭКСПО көрмесі де назардан тыс қалмады. Көрме тақырыбы елімізде орныққан қағидалармен, ұстанымдармен үндес. 2015 жылдың желтоқсанында қабылданған келісім екі ел арасындағы ұзақмерзімді байланысқа, атап айтсақ, қоршаған ортаны қорғау, баламалы энергия көздерін дамытуға түрткі болды, – деп Паскаль Лоро мемлекеттер арасындағы байланыс туралы баяндап берді.
Көрме Астанада өтеді деген күннен бастап, Франция қатысуға келісім беріп, 2015 жылдың шілдесінде елге сапарға шықты. Содан болар, француздықтардың павильоны ең үлкен павильондардың қатарында, оның жалпы аумағы 1084 шаршы метрді құрайды.
Ұйымдастырушылар француздық жетекші кәсіпорындарды бір жерге шоғырландырып, Францияның үздік жетістіктерімен таныстыруды мақсат тұтты. Аумақта ғалымдар инновациялық технологиялар саласында қолданып жүрген құрылғыларды таныстырып, тәжірибемен бөліседі. Инновациялардың барлығы Астана аумағында көрсетілетіндіктен, Франция Қазақстанмен осы салада ортақ табыстарға жетуге ниетті.

frantsiya-pav
Павильон екі аумаққа бөлінбек: бірінде – энергетика саласындағы үздік кәсіпорындар орналасса, екіншісі – бір мезетте 200-ге жуық адамды қабылдайтын симпозиум мен дебаттарға арналған орталық болмақ. Павильонның іші үш тақырыпқа басымдылық бермек: жаңғырмалы энергия көздері, «ақылды» қала және экологиялық икемділік. Әр серіктеске жеке аумақ қарастырылған, сол жерде олар интерактивті элементтер арқылы ең озық технологияларды таныстыра алады. Ал арнайы эффектілердің әсерін ұлғайту үшін бөлмеде қараңғылық орнайды.
Павильонның серіктесі ретінде қоршаған орта мен энергия көздерін тиімді пайдалану жөніндегі агенттік (ADEME), Iter жобасы, Peugeot көлік компаниясы, Saint-Gobain, Syctom, Total, Veolia, Vicat сияқты француздық танымал компаниялар төбе көрсетті. Бұл кезекте, павильонда озық көліктерге арналған аумақ болатынын айта кеткен жөн. Бұл жерде өздігінен сырғанайтын көлік түрлерінен бастап, электромобильдер таныстырылады. Ал көрменің ең қызық экспонаты – Peugeot көлік компаниясы ойлап тапқан электромобиль болмақ. «Көліктің дизайны да өзгеше, балаларға ұнайтыны анық, ал барлық қыр-сырымен көрмеде танысасыздар» деді Франция өкілі.

2310868
Француз павильонының 1 қабатындағы 7 аумақ келушілерге «жасыл» энергетика саласындағы жаңа технологиялармен танысуға мүмкіндік береді. Аумақтар арасында әлемдік өркениеттің дамуына үлес қосқан, Францияның көрнекті қайраткерлері галереяда таныстырылады. Қонақтар мүсінші Милен Гермонның туындысы «Мини Аква» композициясын, суретші Ян Далонның қолынан шыққан Франция Республикасының символы – Марианна бейнесін, сондай-ақ елдің ең әдемі көріністері бейнеленген фотосуреттерді көре алады.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Франция екі ұлттық мерекесін ұлықтамақ. 21 маусымда Франция күні тойланса, 14 шілдеде Бастилияны басып алу күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ Францияда 30 жылдан астам уақыт бойы дәстүрлі түрде 21 маусымда тойланатын «Музыка мерекесі» Астанада да атап өтіледі. Қонақтар цирк нөмірлері мен кабаре шоуын тамашалап, дәстүрлі әндерді тыңдайды. Ал Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері француз тілінде ән салады.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button