Мәдениет

Болашақтың ірге тасын қалаған

Ұлттық музейде Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған «Бірінде Бірінші Тұлға жөнінде» атты мәдени-танымдық жобаның ашылуы болды.

Жобаның мақсаты Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі мен қызметін насихаттауды көздейді.
Алдымен жоба аясында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Бірінде Бірінші Тұлға жөнінде» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтіп, онда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасының байыпты саясаты туралы салмақты ой өрбітті. Одан кейін белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков: «Елбасы ­Нұрсұлтан ­Назарбаев тә­уелсіз Қазақстанды осы деңгейге жеткізуде ерен еңбек сіңірді. Өйткені кез келген елді әлемге танытудан гөрі оны мойындату қиынға соғады. Бір сөзбен айтқанда, Елбасы – даналықпен жарқын болашақтың іргетасын қалаған дара тұлға» деп атап өтті.
Аталған жиыннан кейін бас мұражайда Ұлттық музейдің қорынан жасақталған «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» көрме мен танымал қазақстандық фотограф Тұрар Қазанғаповтың «Бірінде Бірінші Тұлға жөнінде» жеке фотокөрмесі ашылды.
«Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты көрмеде әлемдік мәдениет пен өркениеттің дамуында елеулі із қалдыр­ған Әбу Насыр әл-Фараби, Құрманғазы Сағырбайұлы, Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Нұрсұлтан
Назарбаев және басқа да көптеген тарихи тұлғаларға арналған көркем туындылар қойылды.
Ал фотограф Тұрар Қазанғаповтың жеке фотокөрмесінде автордың тәуелсіз елімізді дамыту мен нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған 40-тан астам жұмысы ұсынылды. Танымал фотографтың бұдан бұрын Елбасыға арнаған екі көрмесі өткен болатын, оның бүгінгі үшінші көрмесінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің шет мемлекеттерге барған сапарлары мен еліміздегі өңірлерді аралаған кездегі түсірген суреттері айшықты берілген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button