Жаңалықтар

Елбасы туралы туынды

Тұңғыш Президент күніне орай ҚР Президентінің телерадиокешені әзірлеген «Назарбаев факторы» атты жаңа деректі фильм қалың көрерменге жол тартады.

Деректі фильмде Елбасының Қазақстанды мемлекет ретінде қалыптастыруға мүмкіндік берген негізгі бастамалары баяндалған. Кинокартинаға еліміздің 15 белгілі мемлекет және қоғам қайраткері түскен. Олар Тұңғыш Президенттің сыртқы саясатты, экономиканы жүргізу тәсілі, елдің дамуы туралы өз ойларымен бөліседі. Елбасының көшбасшылық құбылысын тарихи маңызы бар шешімдер мен бастамалар арқылы ашады. Фильм­де көрсетілген қызықты фактілер, ерекше пікірлер, архивтік кадрлар елде және әлемде болып жатқан тарихи оқиғалармен үйлеседі. Тәуелсіз мемлекетіміздің тарихындағы айтулы күндер бейнеленген, тәуелсіз Қазақстанды құрудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлін, оның бүкіл посткеңестік кеңістіктің дамуына қосқан үлесін көрсетуге арналған.
Фильм бүгін сағат 09:00-де Еуразия бірінші арнасынан, сағат 10:15-те «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсетіледі. Сонымен қатар 15:10-да Жетінші арнадан, ал 19:00-де СТВ арнасынан тамашалауға болады.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button