Жаңалықтар

Бюджетке өзгерістер енгізілді



ZAH_3283

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс елу үшінші сессиясына Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин, елордалық аудандар әкімдері, кәсіпорын басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Экономика және бюд­жеттік жоспарлау басқармасы бас­шы­сының орынбасары Гүлнәр Жүсі­пова баяндама жасап, Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 11 жел­тоқсандағы «Астана қала­сының 2015-2017 жылдарға арнал­ған бюд­жеті туралы» шешіміне өзге­рістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.
Г.Жүсіпованың айтуынша, 2015 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында қала бюджеті 103,2 пайызға орындалып, есепті кезеңде қала бюджетіне 72 629 128 мың теңге түскен. Яғни, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түсім
13 807 960 мың теңгеге ұлғайған. Оның ішінде салықтық түсімдер бойынша нақты түсім 67 339 288
мың теңгені құрады, бұл өткен жыл­дың тиісті кезеңімен салыстыр­ғанда 14 160 111 мың теңгеге көп.
Сонымен бірге, Алматы ауданының шығыстарына 323 203 мың теңге қарастырылды, оның басым бөлігі аудан аумағын абаттандыру мен елді мекендерді көгалдандыруға бағытталды. Сарыарқа ауданына 182 982 мың теңге және Есіл ауданына 422 084 мың теңге қарастыру көзделген. Осы жөнінде айта келе, баяндамашы бұл қаражат та қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, аулаларды абаттандыру мен мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік тапсырыстарын жүзеге асыруға жіберілетінін жеткізді. Қалалық мәслихаттың депутаттары Астана қаласының 2015 жылғы бюджетіне енгізілген өзгерістерді бірауыздан бекітті.
Сессия барысында мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың жобалары келісілді. Одан әрі қаладағы жер учаскелерін беру жөніндегі және эвакуациялық комиссиялардың құрамы бекітіліп, Астана әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button