Мәдениет

Дантеден шабыт алған

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үрлемелі оркестрі «Данте шығармалары желісімен» әдеби-музыкалық кешін ұсынды.

Данте Алигьеридің әйгілі туындысы «Құдіретті комедиядағы» Вергилий мен ақынның сүйіктісі Беатриче оқиғасы Чайковский, Лист, Рахманинов, Шопен, Верди және басқа да композиторларды шабыттандырды. Шығарма желісі бойынша басқа да сазгерлер музыка жазды.

Астаналық филармонияның әдеби-музыкалық кеші Франко Чезарини және Роберт Смиттің музыкалық композицияларына негізделген. Атап айтқанда, италиялық композитор Чезаринидің «Византия мозаикасы» сюитасы, америкалық композитор Роберт Смиттің «Құдіретті комедия» атты № 1 симфониясы арқау болды. Осы симфонияның «Тозақ», «Ғарасат» және «Жұмақ» бөлімдері бар. Алда осы әдеби-музыкалық кеш бағдарламасымен гастрольдерге шығып, Қазақстан қалаларын аралау жоспарланып отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button