Жаңалықтар

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ



Астанада мектеп оқушылары арасында биыл екінші рет өткізілген «Әлемді өзгертетін идеялар» байқауына 46 оқушы қатысып, өздері ұсынған 36 жоба бойынша бақ сынаған болатын. ҚР Тұңғыш Президенті музейінде осы байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

9a3d1a23b21d832427dcf6ee0cd

Бұл байқау ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып өткізілген еді. Сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде қоғамдағы өзекті мәселелерді танып-білуге, оқушылардың ғылыми-зерттеушілік және оқу-танымдық қызығушылығын ынталандыруға бағытталған. Үш кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы туры қалалық мектептерде ұйым­дастырылған. Үшінші кезеңге іліккен жобалар мектептердің намысын қорғады. Яғни, бұл кезеңде мектептер өзара жарысқа түскен.

4d44829123006158bf4ff86a41399d03

Биылғы байқауда «Күн сәулесі арқылы жарықтандыру құрылғысы» және «Ел экономикасының баламалы түрге – «Жасыл экономика» форматына ауқымды бетбұрысы» тақырыбындағы жобаларымен Асхат Әбубәкіров пен Әсел Орынбекова көш бастаған. Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері политехникалық және гуманитарлық бағыттар бойынша анықталды. Ғылыми жобалардың басым бөлігі қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоғары технологияларға негізделген екен. Байқау дарынды жас зерттеушілерді анықтауға және оларға қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button