Басты ақпаратЖаңалықтар

«ЭКСПО» билеті көрші елде де сатылады

aaa89336041d8fd2d7e46b8b6fdc79a0_l-asli

Өткен жылдан бері  «ЭКСПО-2017»  көрмесіне кіру  билеттері тек  электронды түрде сатылуда. Енді наурыз айынан бастап еліміздің аймақтарында және Ресейдің бірқатар қалаларында   қолма-қол сататын билет кассалары өз жұмысын бастады.

Көрме билеттерін сату өткен жылдың желтоқсан айында еліміздің бірқатар сауда орындарында ресми түрде ашылды. «Керуен», «Хан Шатыр», «MEGA PARK», «MEGA центр Алматы» ойын-сауық орталықтарында және «Қазпоштаның» 981 бөлімшесінде сатылуда. Жұмыс күндеріне қойылған билеттердің бағасы 4000 теңге болса, демалыс күндеріне арналған баға 6000 теңгені құрап отыр. Билет сатып алған адам бағдарлама бойынша көрмені тамашалай алады.
Айта кету керек, күні белгіленген және белгіленбеген билеттің айырмашылығы бар. Күні белгіленген билет тек сол күні ғана көрмеге келуге жарамды. Күні белгіленбеген билет бойынша көрмеге келер алдын, уақытын өзіңіз таңдайсыз. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соғыс ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар мен 6 жасқа дейінгі балаларға кіру – тегін. Ал зейнеткерлер, көп балалы аналар, студенттер мен оқушыларға жеңілдіктер жасалады.
Жалпы, билет сатуға «ЭКСПО-2017» серіктестері – «Қазпош­та», «Қазақстан темiр жолы», «Air Astana» секілді ірі компаниялар тартылуда. Билеттерді алдын ала сату 2017 жылдың 9 маусымына дейін жалғасады.

Дәулет ЕРКІМБАЕВ, «Астана  ЭКСПО-2017» ҰК  Коммерциялық департаментінің директоры: – Біз Ресей Федерациясының бірқатар өңірлерінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми кассаларын аштық. Атап айтқанда, Мәскеудегі касса Лубянкада, Орталық балалар дүкенінде орналасқан. Петербор қаласындағы касса Гороховый көшесінде орналасқан Кассир Ру ғимаратында жұмысын бастады. Сонымен қатар, Қазан, Нижний Новгород, Екатеринбург, Новосібір және Сочи қалаларындағы ірі сауда орталықтарында да біздің кассалар ашылды. Жалпы, Ресейде көрмеге арналған билеттерді сату мақсатында 38 орын белгіленді.

Гүлмира Аймағанбет, «Астана ақшамы»

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button