Саясат

Елді елең еткізген



ЕЛ-ЖҰРТЫНА ДОЛЛАР ТАРАТАДЫ

Сингапур билігі мемлекет экономикасының дамуына үлес қосқаны үшін ел тұрғындарына 500 млн доллар үлестіретін болды.

Мұндай қомақты сома халықтың 2017 жылғы табысына байланысты беріледі.
Сингапур қаржы министрлігінің мәліметінше, ел билігі қаражат үлестіретін тұрғындарды үш топқа бөлген. Алғашқысына табысы 28 мың сингапур долларынан аспаған жандар кіреді. Оларға үкіметтен 300 сингапур доллары беріледі. Ал екінші топқа табысы 100 мың сингапур долларынан аспайтын тұрғындар енді. Сингапур басшылығы оларға 200 сингапур доллардан таратуды жөн санады. Соңғы санатқа 100 мың сингапур долларынан асатын жандар кірді. Ел үкіметі оларға 100 сингапур доллар көлемінде сыйақы табыстамақ.
Айта кетейік, өткен жылы Сингапур экономикасы 3,6 пайызға артқан. Бұл – билік болжаған межеден екі есеге көп көрсеткіш.

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

2018 жылы ғылымға қосқан үлесі үшін бірнеше саладағы ғалымдар Нобель сыйлығымен марапатталады.

Медицина және физио­логия саласы бойынша америкалық иммунолог Джеймс Эллисон мен жапон ғалымы Тасуко Хонджо Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Олар қатерлі ісікті иммунды терапия арқылы емдеу тәсілін жасап шығарған.
Ал физика бойынша беделді сыйлықтың лау­реаттары қатарынан 55 жылдан кейін әйел адам алғаш рет көрінді. Нақтырақ айтар болсақ, америкалық Артур Ашкин, француз Жерар Муру және канадалық Донна Стрикленд «лазерлі физика жаңалықтары үшін» Нобель сыйлығын иеленді.
Химия саласы бойынша америкалық Фрэнсис Арнольд пен Джордж Смит және ағылшын Грегори Уинтер лауреат атанды.
Нобель сыйлығының лауреаттарына 1 миллион доллар көлемінде сыйақы табысталады.

ИРАКТЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

Иракта Күрдістан патриоттық одағынан кандидат Бархам Салех мемлекеттің жаңа басшысы болып сайланды.

Ел парламентінде өткен сайлау нәтижесінде оған 165 депутат дауыс берген. Отырысқа бас-­аяғы 329 депутаттың 301-і қатысқан.
Дауыс берудің алғашқы кезеңінде президент анықталмады. Себебі үміткерлердің ешбірі дауыстың үштен бірін де жинай алмапты.
Енді жаңадан сайланған президент жақын уақытта елдің Жоғарғы федералды соты және парламентшілері алдында ант қабылдайды. Бархам Салехтің ең бірінші міндеті – Ирактың премьер-министрін тағайындайды және үкіметті қайта жасақтауға мандат береді.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button