Жаңалықтар

Елордада 183 көше салынады



Көлік жүктемесін төмендету мәселесін шешу үшін биыл Астанада 183 көше салынады және жөнделеді.

Қала инфрақұрылымының көлік-логистикалық өткізілімдік мүмкіндіктерін қолдау және ұлғайту бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде. Биыл барлығы 183 көшені салу және жөндеуден өткізу жоспарланған, соның ішінде қаладағы магис­тральдық 22 көше, тұрғын үйлер аумағындағы 133 көше қамтылады. 28 көшеге орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетелік, өткен жылы жол жөндеу жұмыстарының көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. Барлығы 169 көше салынды және жөнделді, соның ішінде
Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс, Көктал, Ильинка және Комсомол тұрғын үй алаптарындағы 107 көше де бар.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button