Жаңалықтар

ЕЛОРДАДА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖҰМЫС САПАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ



на главное

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің ұжымымен Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мәселелерін талқылады деп, хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана әкімінің атап өтуінше, елорданың дамуы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатында айтылған басты ережелерге негізделуі керек.

Оның пікірінше, елорданың экономикалық дамуының маңызды кезеңдерінің бірі – оның өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне шығуы. 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Астананың мемлекеттік бюджет кірісі департаментінің желісі бойынша мемлекеттік бюджетке түсім 660 млрд теңгеден асты, соның ішінде жергілікті бюджетке 150 млрд теңгеге жуық аударылды.

– Экономикалық саясатты жаңғырту  мәсе­лелері өзекті болып қалады және қазіргі кезде оларды шешудің жаңа жолдарын іздеу қажет. Елорданың бизнес климаты тартымды кәсіпкерлердің қызметі мен бизнесті жүргізу қауіпсіз және мемлекет тарапынан заңсыз араласудан қорғалған болу керек, бұл осы ведомствоның жұмысын дұрыс жолға қоюға байланысты болады. Астана Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда көш ілгері болу керек. Мұнда болып жатқанның барлығы мультипликативтік әсерге ие болуы тиіс, – деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.

Астана қаласының мемлекеттік кіріс департа­ментінде мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, аталған мекеме қаланың экономикалық сая­сат­тарының жаңа қағидаттарын жүзеге асыруда басты органдардың бірі болып табылады.

2015 жылы қалалық бюджет 335 млрд теңгені құрайды. Жеке кірістер 160,8 млрд теңгеден астам көлемде бекітілді, оның 90%-ға жуығын салық түсімдері құрайды.

Астана әкімі Мемлекеттік кіріс департаментіне мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын жақ­сартуды, сонымен қатар, сыбайлас жемқор­лық­тың алдын алу және түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуді тапсырды. Қала басшысы Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген бастамалар Қазақстанның астанасының тұрақты дамуын жалғастыру үшін Мемлекеттік кіріс департаментінің жұмысына серпін беретіні сөзсіз екендігін атап өтті.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button