Басты ақпаратЖаңалықтар

Елордада су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Күн жылынып, қар ерігелі бері қаладағы коммуналдық шаруашылық мамандары көктемгі қарбалас жұмыстарға қызу кірісіп те кетті. Бүгінгі таңда елордадағы үш ауданда да су тасқынына қарсы жұмыстардың жоспары пысықталып, су ағатын арықтар мен жолдар шұғыл түрде қардан тазартылуда.

Осыған орай, биыл наурыз айы­­нан бастап Алматы ауданы бо­йынша су тасқынына қатысты түскен өтініштер мен арыздарды қабылдайтын арнайы бірегей анықтамалық телефон желісі қызмет атқаруда. Оған күн сайын 48-43-37 нөмірі арқылы хабар­ласқан тұрғындар, әсіресе, жеке секторлардағы қарды шығару жө­нінде өтініш білдіруде.

Биылғы жылдың басында «Ас­тана Тазалық» ЖШС-мен аудан басшылары арасында бе­кітілген кестеге сәйкес, мамандар осы маңдағы кәріздер мен су жүретін арналарды қар­дан және мұздан тазартуда. Бұл ретте Астана қаласы Төтенше жағ­дайлар департаментінің қыз­мет­керлері жақында аудан тұрғын­дарына көктемгі су тасқыны мен өрт қауіпсіздігі тақы­рыбында жа­дынамалар таратып, төтенше жағ­дай кезіндегі әре­кеттер туралы тү­сіндіру жұ­мыстарын жүргізді.

Көктемгі су тасқынға қарсы жұ­мыстардың барлығын Алматы ауданы әкімі аппаратындағы аудан аумағынан көктемгі су тасқынын өткізіп жіберу жөніндегі арнайы штаб бақылап, қадағалап отыр. Астана қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша су тасқынының алдын алуға жауапты басқармалармен, коммуналдық қызметтермен, кә­сіпорындар және мердігер ұйым­дармен толықтырылған осы штаб құрамындағылардың басты мақсаты – апатты жағдайлардың алдын алу.

Бүгінге дейін аудан аумағындағы 100-ден аса әлеуметтік нысанның, соның ішінде 36 балабақша, 38 мектеп, 27 денсаулық сақтау ныса­нының маңайы ауданның мердігер ұйымдарының көмегімен қардан тазартылып, осы уақытқа дейін жалпы көлемі 13 946 метр болатын 32 көшедегі кәріз құдықтары қардан және қатқан мұздан арылды. Жалпы, су тасқынына қарсы іс-шараларға аудан бойынша 3 жер қазу құрылғысы бар машина және 1 бульдозер, 65 арнайы дайындалған техника, 2 сусорғыш машина, 14 мамандандырылған техника сақадай сай.

Гүлбаршын Өкешқызы

Материалды «Астана ақшамы» газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button