Жаңалықтар

Елордада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр



1 қыркүйектен бастап республика бойынша «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шараға ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері мен елордалық Ішкі істер департаменті бөлімшелерінің жеке құрамы тартылды. 1 желтоқсанға дейін учаскелік инспекторлар пәтерлер мен тұрғын үйлерді аралап, тұрғындар жайлы мәлімет, сондай-ақ шағымдар мен ұсыныстар жинайды. Акция басталғалы полицейлер 78 мыңнан астам пәтер мен 10 400 жеке меншікті тұрғын үйде болған.

c-1

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 260 астам тұрғылықты жері жоқ тұлға ұсталды. Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзудың 1400 фактісі тіркелді, ұсақ бұзақылық жасау бойынша 600 астам, алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйде қоғамдық орындарға келу бойынша 940 әкімшілік хаттама толтырылды.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, іс-шараның басты мақсаты учаскелік инспекторлардың, көші-қон полициясының, қылмыстық және патрульдік полиция қызметкерлерінің, соның ішінде жедел әрекет ету бөлімшелерінің және т.б. қызметтердің күшімен әрбір әкімшілік аумақта құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстарды белсендіру болып табылады. Жалпы, шараға 400 жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері тартылды.

Учаскелік инспекторлар үйлерді аралап, өздерінің байланыс телефондарын қалдырады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері саяжайларға, құрылыс нысандарына, базарлар мен басқа да сауда орындарына барады.

Егер адамдар пәтер жалдап тұрып жатса, бұл туралы мәліметтер Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментіне жолданады. Жыл басынан бері қалалық Жергілікті полиция қызметімен жалға берілген 4 мыңнан астам пәтер анықталды, олар бойынша ақпарат Астана қаласының МКД жіберілді.

astana.gov.kz




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button