Жаңалықтар

«Шабыт» жастар шығармашылығы фестиваліне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

3-8 қарашада Астанада XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өтеді. Биыл конкурсанттар алты номинацияда сайысқа түседі. Байқау қорытындысы бойынша классикалық музыка, халық музыкасы шығармаларын үздік орындаушы, үздік эстрадалық вокал орындаушысы анықталады, сондай-ақ, дарынды әртістер «Бейнелеу өнері», «Үздік әдеби шығарма» және «Хореография» номинацияларында бақтарын сынайды.

shabyt-2016-logo-kopiya

Конкурсанттарды іріктеу үш турмен өтеді. Қатысушылардың репертуары мен әрбір музыкалық аспапқа арналған шығармаларды ұйымдастырушылар алдын ала белгілеп қойды. Әрбір номинация бойынша конкурсты өткізу бағдарламасы мен өткізу орны туралы толық ақпарат www.shabyt.astana.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ, 16-дан 35 жасқа дейінгі жастар фестивальға қатысуға өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау 20 қазанға дейін жалғасады.

«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі 19-шы рет өткізіліп отыр. Аталған шара өнер әлеміндегі маңызды оқиға болып табылады. Бұл – жас дарындарға үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Осы күнге дейін фестивальға өнердің түрлі жанрлары бойынша 10 мыңнан астам адам қатысқан. Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов, ақын Қалқаман Сарин, балет әртісі Әйгерім Бекетаева, опера әншісі Айгүл Ниязова, «Меломэн» тобы, Аша Матай, Қайрат Баекенов және басқа да танымал тұлғалар әр жылдары фестивальға қатысып, Гран-при иегерлері атанған.

Айта кетейік, фестивальда тек қазақстандықтар ғана емес, шет мемлекеттердің де жастары бағын сынайды. Бұған дейін «Шабыт» фестиваліне Австрия, Израиль, Италия, Литва, АҚШ, Түркия, Франция, сондай-ақ, Белоруссия, Қырғызстан, Польша, Ресей және Өзбекстан өкілдері қатысқан.

Қарашада 3-і мен 8-і аралығында баршаға конкурсанттардың өнерін тамашалауға болады. Көрермендер үшін кіру – тегін.

astana.gov.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button