Қала мен Сала

Елордадан 4,5 млн текше метр қар шығарылған

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде азаматтық қорғау қызметтерінің 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы Астана қаласы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Бақытжан Мауленбердиевтің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елордада қаңтар айында су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы басталды. Тұрғын үй секторының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіп, үгіт материалдарын таратып, ықтимал қауіпті учаскелерде 18 рейд жүргізілген. Бүгінгі күні коммуналдық қызметкерлер қаладан 4,5 млн. текше метрден астам қар шығарған. Сондай-ақ, 17 мыңнан астам метр арық-науа желісі, 160 метр коллекторлар, 713 дана жаңбыр суы ағатын құдықтар тазартылып, 130 метр құбыр буланған. «Астана Тазалық» базасында көлемі 2,5 мың текше метр құм және ағаш инертті материалдар қоры дайындалған. Тағы 11 мың текше метр инертті материалдарды жеткізуге келісім-шарт жасалған.
Төтенше жағдай кезіңде азық-түлік пен жанар-жағармай материалдарын жеткізуге 12 меморандум бар. Апат орын алған уақытта халықты орналастыру мақсатында жалпы саны 2260 орынға арналған 7 қонақ үймен меморандумға қол қойылған. 1 ақпаннан бастап су тасқыны қаупі бар учаскелерді комиссиямен тексеру жұмыстары жалғастырылуда. Су тасқыны құбылыстарына уақтылы ден қою мақсатында жеке құрамның 586 адамынан, 156 бірлік техникадан, 65 мотопомпадан тұратын азаматтық қорғау қызметтерінің жалпы тобы құрылған.
Астана қаласы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы қала тұғындарын қардың еруі кезінде апаттың алдын алу шараларын сақтауға шақырды. Атап айтқанда: үй маңындағы аумақтан көшенің жол бойындағы бөлігіне қарды уақтылы тазалау, үйден ағынды суларға немесе су өткізгіш құбырларға су бұрғыштар орнату, су сорғыштарды: тұрмыстық электр сорғылары, шелектер, күректер және т.б. дайындау, су басқан жағдайда iKomek қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығына «109» нөмірі арқылы немесе құтқару қызметіне «112» нөмірі арқылы дереу хабарлау қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button