Жаңалықтар

Елордалық Жұмыспен қамту орталығы «CZ Astana» мобильді қосымшасын іске қосты



Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы «CZ Астана» атты мобильді қосымшасын іске қосады. Бір қуантарлығы – бұл барлық елордалық жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған ақысыз мобильді қосымша болмақ.

йца64йц+а6

«CZ Астана» қосымшасының мүмкіндігі өте көп. Мәселен, кәсіби бағдарлауға қатысты тест өту, бос жұмыс орындарын іздеу, афиша (жоспарланған іс-шаралар, курстар, жәрмеңкелер, шеберлік сабақтары, шағын аукциондар тізімі және т.б.), жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған пайдалы ақпарат (түйіндемені қалай жазу керек, әңгімелесу кезіндегі сұрақтарға қалай жауап беру керек, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері) және пайдаланушыға Жұмыспен қамту орталығының орналасу мекенжайын анықтауға мүмкіндік беретін геолокациясы бар картасы енгізілген. Оны Google Play мен App Store дүкендерінен жүктеуге болады.
Айта кеткен жөн, қала әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы – ізденушілер мен жұмыс берушілердің ең үлкен базасына ие жалғыз мемлекеттік орган. Мекеме жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуға, ал жұмыс берушілерге білікті мамандар табуға жәрдемдеседі. Қазіргі уақытта жұмысқа орналасу, жастар практикасын өту, қоғамдық және әлеуметтік жұмыстармен қамтамасыз ету, мамандарды даярлау және қайта даярлау секілді қызметтерді ұсынатын әмбебап алаңға айналып келеді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button