Мәдениет

Елорданың Еркетайы кім?

Елорданың Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Елорданың еркетайы» қалалық байқауы өтті. Жекеменшік балабақша бүлдіршіндері арасында алғаш рет ұйымдастырылған өнер додасына 100-ге жуық бала қатысты.

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен қалалық Білім басқармасы ұйымдастырған байқауға 5-6 жас аралығындағы бөбектер қатысып, 4 аталым бойынша бақ сынады. Іріктеу­де «Вокалдық топ», «Вокал», «Хореография» және «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша 140 бейнематериал қаралды. Нәтижесінде 74 өнер шығармасы іріктеуден өтті.

«Елорда еркетайы» байқауының ерекшелігі – биыл жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында тұңғыш рет өткізілуінде. Мұндай байқаулар жас өрендерді шығармашылықпен айналысуға, сахнаға шығуға баулып қана қоймай, талантты бүлдіршіндерді анықтауымен маңызды саналады. Сондықтан аталмыш байқау келесі жылы да жалғасын табады» деді өз сөзінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры Жанар Бейсенбаева.

«Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациясында балабақшадан 8 қатысушы қатысып, «Тепеңкөк» күйін шертті. Мұндай сайыстардың жиі өткізілгені дұрыс. Балалар түрлі ұлттық аспапта ойнау арқылы жасынан ұлттық құндылықтарымызбен сусындап өседі» деді аталмыш балабақша тәрбиешісі Анар Смайылова.

Қазылар алқасының шеші­мімен қалалық өнер байқауының 4 номинациясы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Атап айтсақ, «Вокалдық топ» аталымында «Baibala» балабақшасы, «Вокал» аталымында «Liitle Harvard» балабақшасы, сондай-ақ «Хореография» аталымы бойынша «Аяулым-2» және «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» аталымы бойынша «Бақытты бала IQ» балабақшасы бас жүлдеге лайық деп танылды. Қатысушы балдырғандар Алғыс хатпен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button