Шаһар шежіресі

Еңбек озаттарына – жеңіл көлік



Бұл сурет 1971 жылдың қазан айында Целиноград қаласында түсірілген. Мал өсіріп, егін егіп, табыстың тайқазанын тасытқан ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін марапаттау үшін «ВАЗ-2101» жеңіл автокөлігінің жаңа үлгісін қаз-қатар тізіп қойып, көрме өткізілуде.

Ол кезде мемлекеттік жоспардан тыс ет пен сүт, жүн өткізіп, межелі міндеттемені асыра орындағандардың кезектен тыс жеңіл көлік сатып алуларына мүмкіндігі болатын. Сол жылы еліміздің қамбасына құйылған миллион пұт астыққа Целиноград облысының аграршыларының да зор үлесі болды.  ҚР Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінен алынған суреттен  олардың бұл көрмеден өздеріне тиісілі темір тұлпарларын таңдау сәті.

Қазір осы алаңда қала құры­лымдарына арнайы көлік беру дәстүрі қалыптасқан.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button