Басты ақпаратҚала мен Сала

Еріктілері көп елорда

Астанада 6 мыңнан аса белсенді волонтер бар. 2020 жылы пандемия кезінде елордада еріктілер қатары күрт көбейді. Көмекке мұқтаж адамдарға жәрдем беруге, қоғамдық-әлеу­меттік іс-шараларға қолдау көрсетуге, әсіресе, жастар жағы белсенділік танытып келеді.

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Игі істер марафоны» жобасындағы еріктілердің рөлі туралы Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ыбыраев айтып берді.

2014 жылдан бері «Астана жастары» Жастар-ресурстық орталығының волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімі волонтерлік қызметті дамыту және насихаттау, оларды оқытумен айналысады, волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарға әкімшілік және ресурстық көмек көрсетеді.

2020 жылдан бері «Астана жастары» базасында қалалық волонтерлер штабы қызмет атқаруда. Штабта 6 мыңнан астам белсенді волонтер бар. Жыл сайын «Астана жастары» орталығы волонтерлік бағыттарын кеңейтуде. Осылайша, 2023 жылы «Қауіпсіз қала» жобасы аясында волонтерлер түрлі бағытта ақпараттық түсіндіру жұмыстарына жұмылдырылды.

«Taza Alem» жобасы аясында волонтерлердің қатысуымен 45 эко-сенбілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар, волонтерлер қалалық және халық­аралық іс-шараларға да тартылады. Мәселен, 2023 жылы халықаралық және республика деңгейінде өткен 150 шараға атсалысты. «Игі істер марафоны» және «Қамқорлық мекенжайы» жобасы аясында «Астана жастары» волонтерлерімен 40 жалғызбасты зейнеткерлердің ауласы қардан және қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. Аталған акциялар тұрақты және жүйелі түрде өткізіледі.

Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының айтуынша волонтерлік – ерікті жұмыс, адамдар айналасындағылардың игілігі үшін еңбек етіп, көмектеседі. Жастар да уақыттарын тиімді өткізуге, жаңа достар табуға, қоғамдық өмірге қатысуға ұмтылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button