ЖаңалықтарТағзым

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ



Сарыарқа ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен елордадағы Әлия  Молдағұлова ескерткішінің маңына жиналған халық Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлер рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

KBB_8621

Ескерткіш жанына Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов бастаған майдангерлер, Сарыарқа ауданының әкімі Павел Кулагин, қалалық мәслихат депутаттары мен жоғары оқу орны студенттері, мектеп оқушылары жиналды.
Бір минут үнсіздіктен соң ескерткішке гүл шоқтары қойылып, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттерінің қатысуымен шағын концерт өтті. Көркем Оразалина Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әнімен батыр қыздың рухын жаңғыртты. «Ақ желкен» студенттік театры «Соғыстың бір күні» қойылымын қойды. Айдар Шабаев пен Шыңғыс Тұрғанов майдан әндерін айтты. «Шалқыма» би ансамблі өнер көрсетті.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button