Ел тынысы

Франция суретшісі Астанада мурал салады

Елордада биыл шілде айында танымал франциялық суретші спорт тақырыбында мурал салады. Бұл туралы Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Бұдан бөлек, Францияның Қазақстандағы елшілігі бочче және футболдан спорттық жарыс, фотосурет көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

– Келесі аптада Астанадағы Паралимпиадалық оқу орталығында инклюзия және паралимпиадалық спортты қолдау мақсатында бочче және футболдан шағын жарыс өткіземіз, – деді Дидье Канесс Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаевпен кездесуінде.

Ол Астана әкімдігі мурал салуға рұқсат бергенін айтты. Мурал Қазақстан мен Франция арасындағы достықтың символына айналады деп күтіліп отыр.

Қабырға суретінің ашылуы 8 шілдеге жоспарланған. Ал, Астанадағы «Атырау» көпірінде танымал суретшінің қазақстандық және франциялық спортшыларды бейнелеген сурет көрмесі ұйымдастырылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button