Жолдау

Халықтың бірлігі – басты байлық



Еліміздің ең басты байлығы – халықтың бірлігі, осы баға жетпес байлықтың арқасында елімізде ын­ты­мақтастық, тыныштық пен тұрақ­тылық қалыптасқан. Бұл маңыз­ды негіздер Қазақстанның дамуына жол ашып келуде. Еліміздің дамуы бұл әрине халықтың жағдайының жақсаруына тікелей байланысты. Басқа Орта Азия көрші елдердің тұрмыс ақуалымен салыстырғанда біздің жағдайымыз біршама жақсы болғаны бәрімізге белгілі. Осындай керемет мемлекетте өмір сүру нәсіп еткендіктен Жаратушы иемізге шүкіршілік келтіру біз үшін міндет деп білемін. Халық бірлігін қамтамасыз етуге Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен үлес қосты, барша ұлттардың бастарын қосып бір халыққа айналдырды. Сабақтастық негізінде жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында осы байлықты сақтау білуіміз керек деп айтты. Сондықтан барша ұлттардың бастарын бірлікте сақтау үшін, келесі қадамымыз мемлекеттік тілді ұлтаралық тіл ретінде қолдануды қадағалады. Мен үшін осы мәселе жүрегіме ерекше әсер қалдырды. Күмәнсіз осы бағытта болсақ келешегіміз жарқын болады деп шынайы сенемін. Неге деп сұрасаңыз, ең басты – отансүйгіш сезім жастар арасында күшейеді. Екіншіден, тілге деген құрмет тек қана сөз болмай амалмен де көрсетілген болады, осымен бірге, мемлекеттік тілдің қажеттілігі қалыптасады. Кейбір еліміздің азаматтары, осындай пікір білдіреді. «Біз қазақ тілісіз өмір сүре аламыз, уақытымыз аз қалды немесе қабілетіміз жоқ» дейді. Осылай айтсақ жастарға қандай үлгі көрсеткен боламыз? Болашақ жастардың қолында дегеніміз – барлық жауапкершілікті оларға жүктеген тәрізді емес, үлкендердің көрсеткен жолы, берген тәрбиесі, насихатты сөзі, ұлағатты үлгісімен белгіленіп, болашағымыздың қандай болуына тікелей байланысты. Біз жастарға өсиет етіп, бірлікті сақтау білуіміз керек деп әрқашанда айтып келеміз. Ал егер мемлекеттік тілді олардың өмірінде бірінші тіл ретінде қолдануға мүмкіндік берсек, сонда алдымызға қойылған мақсаттарға міндетті түрде жететін боламыз.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button