Қоғам

Реттеуші органдар бизнес қауымдастыққа есеп берді

«Парасат» бизнес орталығы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ғимаратында Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаевтың бұйрығымен реттеуші органдардың бүкіл республика бойынша бизнес-қауымдастыққа есеп беру күні өтті. Алғаш рет өткізіліп отырған шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова, Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Джунусов, іскер әйелдер кеңесі төрайымы, Аймақтық кеңес мүшесі Бағила Бисембаева, кеңес төрағасы Ирак Елекеев, т.б. азаматтар және аумақтық мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының өкілдері келіп қатысты. 

«Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаевтың бұйрығымен республика бойынша реттеуші органдардың бизнес қауымдастыққа есеп беру күн болып белгіленуіне орай осындай форматта шара ұйымдастырып отырмыз. Шараға 19 реттеуші және бизнесті тексеретін органдар қатысып, өз тараптарынан реттеу, тексеру жұмыстары бойынша баяндап береді, бұл мәселе бойынша көбіне қандай сұрақтар туындайтынына тоқталмақ. Бизнес тарапының пікірлерін де тыңдап, қоятын сұрақтарына жауап береміз» деген Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова келешекте де жалғасын табатын осындай есеп беру жиынының маңызы зор екенін айтып өтті.

Бас прокуратура, ішкі істер министрлігі, қаржы, әділет, ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, ақпарат және әлеуметтік даму, энергетика, ұлттық экономика, сауда және интеграция, экология, геология және табиғи ресурстар, өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту, т.б. сала өкілдері есеп беру кезінде тексерулер кезінде жиі анықталған құқық бұзушылықтар туралы, оларды теңестіру бойынша ұсыныстармен бірге, сондай ақ, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиісті саласындағы заңнамаға енгізілген міндетті талаптар, инновациялар мен өзгерістер туралы айтты.

Жадыра ШАМҰРАТОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button