Мәдениет

Іргелі басылымдар мерейі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Aiqyn» және «Литер» басылымдарының ұжымын 20 жылдық мерейтойларымен құттықтады. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

– Бұл басылым осы кезеңде өзінің бағыт-бағдарын айқындап, оқырман қауымның рухани серігіне айналды. Мемлекет пен қоғамның ашық диалог алаңы ретінде танылып, түрлі мәселеге қатысты сындарлы көзқарас таныта білді. Газет ұжымы кәсіби журналистердің тұтас буынын тәрбиелеп, қазақ баспасөзінің шығармашылық шеберханасы атанып отыр. Бүгінде бұл басылымдар жетекші ақпарат құралының бірі ретінде ұлттық сана-сезімді жаңғыртуға және мемлекетшілдік рухты нығайтуға елеулі үлес қосып келеді» деп жазылған Мемлекет басшысының «Aiqyn» газетінің ұжымына арнаған құттықтауында.

20 жыл ішінде қос басылым замананың үніне, қоғамның айнасына айналып, тақырыпты тарқатып жазар талдауларымен, салмақты сараптамаларымен, сүйекті сұхбаттарымен танылған.

«Бүгінде «Aiqyn» мен «Литер» – еліміздегі көшбасшы газеттердің бірі һәм бірегейі. «Aiqyn» мен «Литер» алдағы уақытта да ел дамуына елеулі үлес қоса береді деп сенеміз».

Биыл – «Túrkistan» халықаралық газетінің 30 жылдық мерейтойы. Күллі түркі жұртының жоғын түгендеп, ұлт руханиятына қорған бола білген беделді басылымды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтады.

– «Түркістан» 30 жылдың ішінде егемен еліміздің жылнамасына айналды. Осы аралықта оның өзіндік бағыт-бағдары мен сара жолы қалыптасты. Апталық алғашқы нөмірінен бастап тәуелсіз қазақ баспасөзін дамытуға, ел ішіндегі және бауырлас халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға сүбелі үлес қосып келеді. Қазақстанның Халық жазушысы, газеттің тұңғыш бас редакторы Қалтай Мұхамеджанов бастаған көптеген белгілі қаламгер осы басылымда қалтқысыз қызмет етті. Ұлттық құндылықтарды ұлықтауға зор еңбек сіңірді. «Túrkistan» алдағы уақытта да ұлттық баспасөздің көкжиегін кеңейтіп, жасампаздықтың жаршысы бола береді деп сенемін. Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін, – делінген Президенттің құттықтау хатында.

«Elorda Aqparat» ЖШС-ке қарасты «Аstana-akshamy» газетінің ұжымы әріптестерін осынау мерейлі мерейтойларымен құттықтап, газет ұжымдарына шығармашылық табыстар тілейді. Ұлт мүддесіне қызмет ететін жазар­ларыңыз көбейе берсін!

 

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button