Ел тынысы

Көктал тұрғын алабында бірнеше көшеге жөндеу жүргізіледі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Көктал-1 тұрғын алабында бірнеше көшеге орташа жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жөндеу жүргізілетін көшелер:

– Сұлукөл көшесі Еңлік-Кебек көшесінен бастап Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде;

– ⁠Ардагерлер көшесі Д. Бабатайұлы көшесінен бастап Шұғыла көшесіне дейінгі учаскеде.

Осыған байланысты қозғалыс осы жылдың 9-16 мамыр аралығында ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button