Ел тынысы

«Жеңіс үшін рақмет!» челленджі басталды

Елордалық спортшылар «Жеңіс үшін рақмет!» атты челенджін бастап, ардагерлерге алғыстарын білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елордалық спорт басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері мен спортшылар өздерінің әлеуметтік парақшаларына,«Жеңіс үшін рақмет!» атты челенджін бастап, мереке қарсаңында алғыстарын видео үндеу арқылы жеткізді.

Сондай-ақ, №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ бөлімінің спортшысы Жанель Шашиева «Жеңіс үшін Атама рахмет!» деп Ұлы Отан соғысына қатысқан атасы жайлы еске алды. Сонымен қатар, бірнеше мекеме қызметкері де елге жеңіс әкелген ата-әжелері туралы естелікпен бөлісті.

Кейбір спортшылар мен қызметкерлер Ұлы Отан соғысы батырларына арнауларын оқып, әндерін шырқап мерекелік көңіл күйді жеткізіп жатты.

«Жеңіске жеткенін әркез есте сақтайтын боламыз
Бүгінде келісім мен бейбітшілікте өмір сүруіміз — ардагерлеріміздің майдандағы ерлігі мен ерен еңбегінің арқасы. Қайсарлығы мен жанкештілігі үшін ардагерлеріміздің алдында бас иеміз», – дейді Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ басшысы Айдын Тоқбаев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button