Қала мен Сала

Көмірді қайдан сатып алуға болады?

Елордаға тамыз айында көмірдің жеткізілуі, бағасы және сату орындары туралы қажетті ақпараттар беретін жедел желі іске қосылды.

Қазіргі уақытта Астана қаласының тұрғындары үшін көмір өнімдерін сататын 11 тұйық көше және 14 орын бар. Ондағы көмір қоры 13 мың тоннаны құрайды. Олар келесі мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1, Герцен, 6/2, Көктал, 28/1, Мақат, 40, Жамбыл Жабаев, 76, А.Жұбанов, 35, М.Дулатов 182/1, 85 (ЖЭО ауданы-3), 70-Жол, 9А, Герцен, 6б, Қарағанды тас жолы («Магнум» супермаркетінің артында).

Елорда әкімдігімен жасалған меморандумдар бойынша көмірдің орташа бағасы:

Шұбаркөл – тоннасына 15 100 тг;

Қаражыра – тоннасына 15 500 тг;

Майкөбе – тоннасына 13 300 тг.

Қалада «109» нөмірі бойынша жедел желі жұмысын бастады, онда көмірдің болуы, сату орындарындағы бағалар туралы қажетті ақпарат беріледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button