Басты ақпаратРуханият

Көрерменді оятқан кино

Cоңғы уақытта кинотеатрларда көрсетілген кинолардың тең жартысы тек той туралы, келін туралы немесе әзіл-оспақ айтылған сатиралық бағыттағы фильмдер екеніне ілгеріде сараптама жасап, сынаған болатынбыз. Арзан күлкі, қарт адамдарды, не болмаса әйелді оспақтаған одыраңдаған киноларымыздан халық шаршап кетті. Мемлекеттік телеарналар осыны түсінді ме, тарихи сериалдар түсіріп, көркем фильмдер жасауға кірісті. Бұл сөзімізге дәлел ретінде еліміздің кинотеатрларында аншлагпен өтіп жатқан «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмін айтуға болады.

Сонымен, «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалы, фильмі бізге не берді?

Біріншіден, жаhандануға жұтылып бара жатқан қазақ қоғамының тарихты білуге, ұлттық рухты көтеруге арналған ұмтылысын байқатты. Халықтың арзан күлкіден, сайқымазақ картиналардан шаршағанын осы фильмге баруға ынталы қалың көпшіліктен айқын аңғаруға болады. Тарихтың архивтерінде шаң басып жатқан деректер мен дәйектерді, кешегі ел тағдыры үшін жанын садаға етіп, ұлт үшін күрескен қайран боздақтар туралы шындықты фильм көрерменнің жүрегіне жеткізе білді, әр адамға ұлт рухын құйып, кешегі ақтаңдақтардан сабақ алуға шақырды. Сол заманда бодандықтағы тағдыры қыл үстінде тұрған ұлтымыздың болашағы үшін аянбай күрескен Алаш азаматтарының жанқиярлық өлшеусіз еңбегі, төккен тері неше түрлі эпизодтармен нанымды беріледі. Әрине, сапасы жағынан шедевр деуге болмас, бірақ ұлтқа ауадай керек тақырыпты қозғап, жігерін жаныған картина көпшілік көрерменнің жүрегіне жол тапты, үлкен-жасына қарамай, жапа-тармағай халық қазақ киносын көруге ұмтылғанын өзіміз барып көзімізбен көргенде байқадық, сезіндік. Фильм қазақтың рухын көтерді, ана тіліміздің абыройын асқақтатты. Осы киноны көргеннен кейін өзге тілде шүлдірлейтін жастар, үлкендер жағы тек қана қазақ тілінде сөйлеп, тарихты таразылауға, кешегі қым-қуыт заманда ұлтымыздың қаймағын сыпырып алып, тоталитарлық жүйе орнатқан саясаттың салқынына қарсылығын осылайша білдірді. Ділімізді, тілімізді, тарихымызды тануға ұмтылғанын көрдік.

Екіншіден, соңғы бір ай ішінде отандық киноөндірістегі ең көп кассалық түсім жинаған фильм болды. Еліміздің барлық кинотеатрлардағы көрсетілімдер барлық жерде аншлагпен өтті. «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі – өткен жылы корпорацияның толықтай мемлекеттік тапсырыс негізінде түсірілген 6 сериялы телехикаядан дайындаған кинотуындысы.

Жаhандануға жұтылып бара жатқан қазақ қоғамының тарихты білуге, ұлттық рухты көтеруге арналған ұмтылысын байқатты. Халықтың арзан күлкіден, сайқымазақ картиналардан шаршағанын осы фильмге баруға ынталы қалың көпшіліктен айқын аңғаруға болады. Тарихтың архивтерінде шаң басып жатқан деректер мен дәйектерді, кешегі ел тағдыры үшін жанын садаға етіп, ұлт үшін күрескен қайран боздақтар туралы шындықты фильм көрерменнің жүрегіне жеткізе білді

Фильмде Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың  «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қыз­меті, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы шынайы баяндалған.

Келісімшартқа сәйкес, фильм 21 қыркүйектен бастап барлық қалалардағы үлкен экрандарда 15 күн бойы прокатта жүрді. Басында сеансы ересектерге 1500 теңгеден сатылған билеттер сұраныстың көптігінен соңғы күндері 2800 теңгеге дейін көтерілді. Ең көп көрермен, белсенді көрермен – студенттерге билет 1100 теңгеге сатылды. Астанадағы кинотеатрларда ине шаншар орын болмады. Ticketon-мен билеттер бір мезетте-ақ тез сатылып отырды. Тіпті, халықтан сұраныстың көптігі соншалықты, фильмнің прокат мерзімі 15 күннен кейін тағы 4 күнге, сосын тағы бір аптаға ұзартылды.

Алашты оятқан «Міржақып. Оян, қазақ!» фильміне біз де бардық. XX ғасырдың басында, 1909 жылы Қазан қаласында жарық көрген Міржақып ­Дулатұлының «Оян, қазақ!» өлең-кітабы қазақ қоғамын дүр сілкіндіріп, зиялыларға ұнап, патшалық Ресей өкіметінің шымбайына тиген дүние болды. Тіпті, сол кезде «Оян, қазақ!» кітабын Абайдың кітабымен бірге ұзатылған қыздың жасауына қосып беру дәстүрі пайда болған деседі. Қазақтың жүрегіне жол тапқан осы өлең, осы кітап ұлтымыздың алға ұмтылып, дамыған мемлекеттерге, өркениетке аңсарын көрсетті. «Қазақ» газетінің басы-қасында болған Міржақып елдің сөзін сөйлеп, өткір-өткір мақалалар жазған. Ол – Алашорда үкіметінің бағдарламасын жасағандардың бірі.

Соңғы бір ай ішінде отандық киноөндірістегі ең көп кассалық түсім жинаған фильм болды. Еліміздің барлық кинотеатрлардағы көрсетілімдер барлық жерде аншлаг­пен өтті. Тіпті, халықтан сұраныстың көптігі соншалықты, фильмнің прокат мерзімі 15 күннен кейін тағы 4 күнге, сосын тағы бір аптаға ұзартылды

Үшіншіден, фильмде ойнаған әртістердің сәтті таңдап алынуы, әдемі көркем әдеби тілі көрерменге жақсы әсер етті. Қазақ киноларындағы шұбарланған, жаттанды текс­терден әбден жалыққанымыз соншалықты, қазақтың кеудесіндегі ыңылы секілді жағымды әуезді марқұм әке-шешеміз тіріліп келіп, жылы сөйлегеніндей көңілімізді босатты…

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы түсірген фильмнің сценарисі – Ұларбек Нұрғалым болса, режиссері – Мұрат Есжан.

Міржақып роліндегі Бақыт Қажыбаевтың дегдар болмысы, білімді қарапайым қалпы, көзіндегі жарқыраған от талайлардың жүрегіне жетті, рухымызды жаныды, керемет әсер етті. Әкесі мен қызы Гүлнардың адам тебірентерлік сәттері, қимай қоштасуы, аштықтағы адамдардың жанталасуы, тоталитарлық жүйеге қайран азаматтардың қарсылығы, аманатынан айрылған ананың көз жасы, болашақ үшін күрескен қайран боздақтардың тар абақтыға жабылып, өзін қинаса да рухын өлтіре алмауы, атылуы – бәрі-бәрі көрерменге қатты әсер етті. Екі сағат бойы бойын өксік қысып, көздерін жас жуған аналарды, қыздарды көрдім, әр эпизодтан ой түйіп, іштей ширығып, булыққан ер-азаматты көрдім, фильмге халықтың ықыласын көрдім. Бұл актерлердің шынайы, кейіпкер болмысын жанымен сезініп ойнауында дер едік.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button