Мәдениет

Көрмеде – бас қала келбеті

Ұлттық музейде елорданың 25 жылдығына арналған «Елімнің жүрегі – Астана» атты көрме ашылды. Аталмыш көрмені «АСТ» Астана әлеуметтік технологиялар» орталығы ұйымдастырды.

Бұл орталықтың мақсаты – әлеу­меттік жобалар мен бағдарламаларды және әлеуметтік әріптестікті іске асыруға халықты тарту. Сол арқылы ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік оңалтуға және қоғамға араласуға жәрдемдесу. Соның ішінде балалар қабілетін ашып, болашаққа деген сенімді жүрегіне ұялату. Осы көрме де сол мақсатта ұйымдастырылды.

Көрменің ашылуында «АСТ» Астана әлеуметтік технология­лар» орталығының жетекшісі Динара Құрманқызы, арт-терапевт ­Еркінбек Есімов сөз сөйледі. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, осы орталық 180 бенефициар­ға қызмет көрсетеді. Олардың көбісінде шығармашылық талант байқалады. Ал көрмеге қойылған суреттерде елорданың символына айналған «Бәйтерек» монументі, Әскери-тарихи музей сияқты бас қаланың көрнекті ғимараттары мен көз тартар тұрғын үй кешендері, қаланың әсем көріністері бейнеленген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button