Қала тіршілігі

Көгершiнiм, келдiң бе?!



Арқаның жазық төсiнде бой көтерген бас шаһар да бұл мезгiлде көркем келбетке ене кетедi. Кез келген жерiнен, кез келген көшесiнен, кез келген саябағынан ғажап сұлулық көз тартады…
Елордалықтар мен иен даланың көркем құсы бiр-бiрiне құштар.
Әне, көгершiн мен құлдыраңдай жүгiрген құлыншақ! Әлi тiлi де шықпаған балдырған әлгi кептермен тiлдесетiн секiлдi.
– Мен де сендердей биiктерге құштармын, – дейдi балақай.
– Бiз перiште сезiмдердiң арманын жебеп, қанатымызға қондырамыз, – дейдi көгершiндер.
– Мен пәк пейiлiммен, таза жүрегiммен жер бетiнiң тыныштығын тiлеймiн, – дейдi балақай.
– Бiз де мәңгiлiк татулықты, бiрлiктi, достықты көксеймiз, – дейдi бейбiтшiлiк құстары.
Әдемi әңгiме желiсi үзiлмесе екен!..


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button