Басты ақпарат

Көгілдір күмбезді мешіттер

Елордада ашылған жаңа мешіт әлемдегі үлкенді-кішілі ұзын-саны 4 000 000 жақындаған мешіттердің көркі келіскен күмбезді мешіттердің бірі деуге болады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен үш жылдың ішінде салынды. Мешіт 10 гектар алқапты алып жатыр. Ғимараттың жалпы көлемі – 68 062 шаршы метр. Үлкен күмбездің биіктігі – 83,2 метр, диаметрі – 62 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Оның биікті – 130 метр. Сол қанатындағы мұнара «Туристік мұнара» деп аталады. Келген қонақтар лифт арқылы немесе жаяу көтеріліп, елорданы биіктен тамашалай алады. Ішіне 35 мың адам сыятын мешіттің жалпы сыйымдылығы ішкі-сыртқы бөліктерін қамтығанда 235 000 адамды құрайды.

[smartslider3 slider=3816]

Жалпы адамзат тарихында алғашқы мешіт хиж­рамен есептегенде 638 жылы салынған. Бұл дүниежүзінің барша мұсылмандарының қасиетті мекені, Қағба орналасқан әл-Харам мешіті 400 мың шаршы метрді алып жатыр. Екі миллиондай мұсылман бір мезетте қатар тұрып сәждеге жығыла алады.

Мұсылмандар үшін екінші қасиетті жер – Пайғамбарымыздың көзі тірісінде салынған Медина қаласындағы Пайғамбар мешіті. (Масжид ан-Нәби). Көлемі 400-500 шаршы метрді алып жатқан мешітке қажылық кезінде бір миллионнан астам адам жиналады.

Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған бұл мешіттер Исламның қалыптасуының алғашқы жылдарында – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) Мәдинадан Меккеге қоныс аударған хижрадан кейін 150 жылдан кейін салынған. Соның бірі Әл-Ақса мешіті, хижрадан кейін бір жылдан соң  Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларымен Меккеден қоныс аударғаннан кейін салған ең алғашқы мешіт әл-Куба Медине қаласында орналасқан.  Мұсылман тарихына қатысты көне мешіттер Сирияда, Тунис­те, Иран мен Иракта бар.

Қытайдың Сиань провинциясындағы Ұлы мешітінің іргетасы хижраның 742 жылы қалаған. Ғасырлар бойы қайта қалпына келтіріліп, қайта жөндеуден өткен көне Сиань мешіті дәстүрлі қытайлық және исламдық стильдердің үйлесімін біріктіреді. Мешіт сол жердің негізгі мұсылмандары –дүнгендердің рухани орталығы болып табылады.

Әзірбайжан Республикасындағы хижраның 743 жылы Әбу Муслим салған мешіттің салынған жылын 1902 жылы жөндеу жұмыс­тары кезінде анықталды.

Көне мешіттер мен кесенелердің басым бөлігі Өзбекстанның Бұқара, Самарқанд, Хиуа қалаларында екені жақсы белгілі. Қазіргі күнде екі мыңнан астам мешіт бар өзбектер көреген Әмір Темір салдыр­ған мешіттер мен кесенелерді туристік нысандарға айналдырып отыр.

Айта кету керек, өткен ғасырларда тәуелсіздік алғаннан кейін мұсылман елдерінде көптеп мешіттер салынды. Сондай Джаркартадағы тәуелсіздік мешіті Индонезия Нидерландтан егемендігін алғаннан кейін бой  көтерді. 1961 жылы 24 тамызда алғашқы кірпіші қаланған Ұлттық мешіттің құрылысы 1978 жылы ақпан айында аяқталып, жібек белдеуін елдің президенті Сухарто кесті.  Бұл сол аймақтағы ең үлкен мешіттердің қатарына жатады. Сыйымдылығы – 120 000 адам.

Әлемдегі мешіттерді сәулетіне, құрылыс материалдары мен тарихи тұлғалардың қатысымен де тіпті жұмсалған қаржының да есебімен  бірнеше санатқа бөліп қарауға болады. Мысалы, Маркоккадағы Хасан Екінші мешітінің ерекшелігі сол оның бір бөлігі Атлант теңізінің үстінде екінші бөлігі құрылықта орналасқан. Бұл мешіт бертінде 1986-1989 жылдары салынды, мұнарасының  ұзындығы – 210 метр. Жүз мыңнан астам адам сыяды.

Исламабадтағы Фейсал мешіті де әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі саналады. Мұнда бір мезетте 300 мың адам намаз оқи алады. Құрылыс 1975 жылы басталып, 1986 жылы аяқталды.

Абу-Даби аралында орналасқан мешіт Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы Заид бен Сұлтан әл-Нахаянның есімімен аталады. Оның құрылысы 2007 жылы аяқталып, мешіт бірден Таяу Шығыс елінің басты көрікті жерлерінің біріне айналды. Абу-Дабидегі мешіттің ерекшелігі сол  дәстүрлі формалар мен заманауи технологияларды үйлестірудің тамаша үлгісіне айналды, бірақ ол ислам сәулетінің дәстүрлік стильдік дамуынан тыс «заманауи мешіт» болды.

Жиырма бірінші ғасыр Орта Азия мен Қазақтан мұсылмандарына рухани серпіліс әкелді деуге болады. Бұл жерлерде көптеп мешіттер салдырып, сәулеті мен сыйымдылығы, көлемі жағына бірінен бірі асып түсіп жатты. Сондай керемет мешіт – Түркімен басы рухы мешіті Ашхабад қаласынан он шақырым жердегі көсемнің кіндік қаны тамған Қыпшақ ауылында салынды. 2004 жылы ашылған мешіт 36 гектар жерді алып жатыр. Бір мезгілде 10 000 адам мінәжат ете алады. Мұнарасын ел тәуелсіздігін алған 1991 жылды меңзейтін 91 метр етіп салады.

2019 жылы салынған ел тәуелсіздігінің белгісіндей Тәжікстанның астанасы Душанбенің  солтүстік  шетінде орналасқан Жұма мешітіне 120 мың адамды сыйдыра алады. Жобаның құны 100 миллион АҚШ долларын құраған, оның 70 пайызы Катар, 30 пайызы Тәжікстан бюджетінен шыққан.

Қырғызстан астанасы Бішкекте орналасқан имам ас-Сарахси мешіті Орталық Азиядағы ең үлкен ғибадат орындарының бірі. Қаланың қақ ортасында орналасқан мешіт төрт мұнарасымен түрік сәулет өнерінің эстетикасын көрсетеді. Орта Азиялық мешіттерге ұқсамайтын Анкарадағы Қожатепе мешітіне ұқсас салынған мешітте ашық алаңдарды қосқанда, 20 мың адам бір уақытта намаз оқи алады.

1991 жылдары салынған мешіттердің бірі Ресейдің Махачкаласында Жұма мешіті немесе Юсуф Бей мешіті деп аталады. Мешіт негізіне Ыстанбұлдағы Көгілдір мешіттің қалыбы алынған. 1997 жылы пайдалануға берілген мешітке 2004-2007 жылдары телемарофон арқылы түскен қаражатпен  қайта  жөндеу жүргізіліп, 15 мың жамағатқа арнап қайта  жасалды.

Классикалық Османлы мәнерінде Ыстанбұлдағы Көгілдір мешіттің нобайымен салынған тағы бір мешіт «Шешенстан жүрегі» деп аталады. Ол 2008 жылы 17 қазанда ашылып Шешен Республикасының тұңғыш президенті А. Қадыровтың есімімен аталды. Мешіттің ауданы 5000 шаршы метр, сыйымдылығы 10 000 адамнан асады.

Мәскеудің басты мешіті – Ресейдегі және еуропадағы ірі мешіттердің бірі. Мешіттің алғашқы ғимараты 1904 жылы салынған, 2011 жылы оны сүріп тас­тап, орнына жаңа құрылыс бастады. 2015 жылы пайдалануға берілді, мұнда осы мешіттің аумағындағы бөлек ғимаратта Ресейдің мүфтилер кеңесі және бас мүфтиі резиденциясы орналасқан.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button