Sport
Кубок иегерi – елордалық команда
Баскетболдан Ұлттық лига командалары арасында Қазақстан кубогының жеңiмпазы анықталды. Шешушi ойындарда барлық қарсыласын тiзе бүктiрген елордалық «Астана» клубы жеңiс тұғырына көтерiлдi.
Астаналықтар жарыс барысында Атыраудың «Барыс» клубын 110:69, Қостанайдың «Тобылын» 97:61, елордалық «Тигры КАТУ» командасын 81:32 есебiмен ұтты. Соңғы ойында «Алматы» командасын 65:38 есебiмен тiзе бүктiрiп, биылғы маусымдағы бiрiншi жүлдесiн жеңiп алды.
Жарыс қорытындысында астаналықтар қатарынан Джерри Джонсон, Раул Маршалл және команда капитаны Рүстем Ерғалиев үздiк ойыншылар болып танылды.