Білім

Латынға арналған олимпиада

Елордадағы №76 мектеп-лицейінде қанатқақты жоба ретінде латын әліпбиінде жұмыс істеуді бастаған білім беру орындары арасында «Latyn Аlіpbıі» атты қалалық кіші олимпиада өтті.

Бұл іс-шараны «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық орталығы ұйымдастырды. Олимпиаданың мақсаты жасөспірімдер арасында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін насихаттау және олардың тілдік білімдерін жетілдіруді көздеген. Сайысқа шаһардағы білім беру орындарынан – 5 мектеп, 3 колледжден 8 команда қатысты. Олимпиада төрт айналымнан тұрды. Олар «Әліпби», «Ой-таным», «Ол кім, бұл не?» және «Тілтаным» деп аталды.
Байқаудың ашылуында №76 мектеп-лицейінің директоры Сафура Төлекова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған парасатты ойларға тоқталып, қатысушыларға тілектестігін білдірді.
Сайысқа Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығының мамандары қазылық жасады.
Сонымен, бірінші орынды №77 мектеп-гимназиясы жеңіп алды. Екінші орынды №76 мектеп-лицейі мен №68 орта мектебі иеленді. Үшінші орынды – №40 орта мектебі, №67 гимназиясы мен гуманитарлық колледж командалары қанағат тұтты.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button