Жаңалықтар
МАЙДАНГЕРЛЕР МЕРЕЙІ
Есіл ауданының әкімдігі бір топ майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін жинап, оларға Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтойлық медаль тапсырды.
Берлинге дейін жеткен Қадан Бекенов, Курск иініндегі шайқастың куәгері Зинаида Берниязова, 1-ші Беларусь майданында жаумен арпалысқан Иван Ботев, снайпер Николай Глазков сынды майдангерлерге, елде қалып, ауыр еңбекке жегіліп, Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлестерін қосқан Сейітнұр Серғалиев, Қасекен Жаппастайқызы және басқаларына салтанатты жағдайда медальдар табыс етілді.
Ұлы Отан соғысы майдангерлері мен тыл ардагерлерін Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған медальдармен марапаттау рәсімдері әлі де жүргізіліп жатыр.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ