Жаңалықтар

Мектепке – 6 жастан



ҚР Білім және ғылым министрлігі балаларды бірінші сыныпқа қабылдау ережесіне өзгеріс енгізді.

Атап айтқанда, 2012 жылдың қыркүйек пен желтоқсан айы аралығында дүние есігін ашқан балалар биыл 1-сыныпқа бара алады. Өйткені олар жыл соңына дейін алты жасқа толып үлгермек.
Тағы бір жаңалық бар. Бұрын білім ордасы баламызды 1-сыныпқа қабылдау үшін мекенжай анықтамасын сұрайтын. Енді ол алынып тасталды. Аталған ережеге сай баланы бірінші сыныпқа қабылдамай жатса, жергілікті білім басқармаларына шағымдануға болады.
Алғашқы мектеп табалдырығын аттайтын балалардың құжаттарын қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button